Еуро-2012 - нағыз футбол мейрамы

Жақында Польша мен Украина алаңдарында өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатының ширекфинал матчына барып келудің сәті түсті. Киевте өткен Италия мен Англия құрамаларының матчы. Өз топтарынан суырылып шыққан Еуропаның қос мықтысы жартылай финалға жолдама үшін барын салды. Негізгі және қосымша уақыты тең аяқталған ойынды пенальти арқылы итальяндар жеңіп кетті. Осы сапарда түрткендерімді сіздермен бөлісейін. Қазақстан украиндық қыздың көзімен Бізге жолсерік болған Анна есімді қыздан “Қазақстан дегенде ойыңа ең алдымен не келеді?” деп сұрағанымда “газ және мұ­най”, “қонақжайлық” және “Астана.kz” КВН командасы” деген жауап алдым. Әдетте біз мұнай және газ деуші едік, украиндіктер үшін газ бірінші болғандықтан Аннаның жауабына еріксіз жы­мидық. Смирнов әлі де аңыз адам Ойынға барар жолда Норвегиядан келген футбол фанаты Ронимен таныстым. Әңгімеміз футбол және жалпы спорт төңі­регінде болды. Қазақстан туралы білетінін айтты. Әсіресе қысқы спорт түрлерінен жұлдыздарымыз туралы әңгімесі ұнады. “Кезінде қазақстандық шаңғышы Смирнов норвегтердің даңқты шаң­ғышысы Бьорн Дэлидің басты қарсыласы болды ғой” дейді Рони. Ванкувер олимпиадасында күміс жүлде алған Лена Хрус­талеваны да біледі екен, Хрусталева норвег қызы Тора Бергерден кейін келген еді мәреге. Қонақжай Украинаның та­бы­сы 500 миллион еуро Украина бұл чемпионатты дұ­рыс өткізе алмайды деген скеп­тикалық ойлар болған еді көп­шілікте. Елдегі саяси жағдай және футбол хулигандары кері әсер етеді деп күтілген еді. Әзірше ешқандай митинг және фанаттар қақтығысы тіркелмеді. Украина халқы мұндай чемпионатты өз елдерінде өткізулерін мақтаныш көріп, қолдарынан келгенше ты­рысып бағуда. Көшеде ерікті топ волонтерлар толып жүр, барлық туристерге бағыт-бағдар көрсе­тіп, аудармашылық қызмет көр­сетіп көмектесуде. Тәртіп сақ­шы­­лары да көп. Украинаның бар­лық аймақтарынан шақы­рыл­ған. Қауіпсіздік жоғары дәре­жеде. Туристердің алаңсыз қыды­руы үшін барлық жағдай жа­­- сал­ған. Нәтижесінде осы турнирдегі Украинаның табысы 500 миллион евро! Біртілді Украина Украина көшелеріндегі бар­лық жазулар тек қана украин тілінде. Орысша ештеңе көрмейсіз. Тіл саясаты дұрыс қойылған екен. Иә, халықтың көбі әлі де орыс тілді. Бірақ, украин тіліне деген маңыз барлық жерде, салада білінеді. Менімен бір топта болған орыс ұлтының өкілдері қысымшылық көргендерін айта­ды. “Орысша түсінбейміз, украинше сөйле” деп тұрып алады екен жергілікті халық. Украина ұтылмады Спорттық көрсеткіші бо­йын­ша иә Украина өз тобында 3-ші болып, ширекфиналға шыға ал­мады. Бірақ, осы турнирдің ар­қасында экономикалық тұрғыдан да, қоғамдық тұрғыдан да ұтты. Қаншама турист келді, Украи­наның қандай ел екенін танып кетті. Осы чемпионат үшін жаңа спорт комплекстері салынды, халықтың спортқа деген әуестігі өсті. Ұлттық құраманың арқа­сында халық біртұтас бола алды, патриоттық дами түсті. Аршат ОРАЗОВ