Республикалық «Қыран – 2019» турнирі Алматыда өтеді
2019 ж. 18 желтоқсан
2822
0
20-22 желтоқсан күндері «Құсбегілік» Ұлттық спорт түрлері бойынша «Қыран – 2019» турнирі Алматы қаласында өтеді. Шараға республиканың барлық облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан 70-тен аса құсбегілер қатысады.
Турнир барысында 3 күні бойы құсбелгілердің жыл бойы баптаған қырандары: бүркіт, қаршыға лашын, сұңқарлардың бабы мен бағын сынайды.
Одан өзге турнирде аңшы иттердің де жүйріктігі мен шеберлігі анықталмақ.
Шараның ұйымдастырушысы: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласы Әкімдігінің Спорт басқармасы, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, «Қыран» Федерациясы.
Еске салсақ, таяу күндері Райымбек ауданы, Қайнар ауылы, Лабасы тауының етегінің халықаралық бүркітшілердің үш күнге созылған дәстүрлі «Сонар – 2019» турнирі өтті.
Жарысқа әр аймақтан 40 құсбегі мен Қытай, Моңғолия, Қырғыстаннан қандастарымыз қатысты.
Турнир қортындысы бойынша Алматы қаласының намысын қорғаған құсбегі Ғабит Таңаттың «Өткір» бүркіті өзгеден дара боп, 1 орынды иеленіп, 500 мың теңге сыйлықпен марапатталды.
Одан өзге жарыс барысында лашын, ителгі, қырын бүркіттерді баптаған Руслан, Абыл, Сейітжан Бексұлтан, Қуанышбай Бекнияз, Байетбай Сағыныш. Қошқаров Арман, Шәріпов Медет сынды азаматтар жүлделі орындарға ие болды.
Ақтолқын Тажикова
Фото авторы: Сәрсенбек Қызайбек, Азамат Құсайынов, Алихан Жанарбек
qazaquni.kz