БІРІНШІ ҚЫСҚЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ 

Қазақстан астанасында Ванкувердегі Олимпиада ойындарының биатлоннан күміс жүлдегері, атақты қазақстандық спортшы Елена Хрусталеваның Олимпиадалық Қоры ұйымдастырған Бірінші Қысқы Балалар мен Жасөпірімдер Олимпиадалық Фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ұлттық Олимпиада Комитетімен ресми республикалық спорттық күнтізбеге енгізілген Фестиваль 21 қараша мен 27 желтоқсан аралығында өтеді. Жарыстар 12 жастан асқан балалар арасында конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, шаңғы жарысы, биатлон және фристайл бойынша барлығы –  бес қысқы олимпиадалық спорт түрлерінен өткізіледі. Оларға Қазақстанның әрбір аймағынан 700-ден астам жасөспірім қатысады.

«Алау» мұз айдынында салтанатты ашылу рәсімі Фестивальдің жарқын бастамасы болды. Оған өсіп келе жатқан ұрпақ арасында салауатты өмір салтын нығайтуға және жастарды дүниежүзілік олимпиада қозғалысының құндылықтарына тартуға бағытталған бірегей іс-шараға қолдау көрсеткен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері, Ұлттық Олимпиада Комитетінің (ҰОК) және фестивальге қатысушы барлық федерациялардың басшылары қатысты. Даңқты спортшылар және Олимпиада қатысушылары Фестиваль барысында маусымның басты жарысы – Лозаннадағы 2020 жылғы Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадалық ойындарына дайындалатын жас қатысушыларды қолдауға келді. Алкогольсіз сусындардың өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы «Кока-Кола» компаниясы Фестивальдің бас серіктесі болып табылады, сондай-ақ жарыстардың барлық қатысушыларына сыйлық ретінде өз өнімін ұсынған, отандық өндірушілер арасындағы сүт өнімінің өндірісі жөніндегі көшбасшысы «ФудМастер» компаниясы Фестивальді өткізуге қолдау көрсетті.
«Біздің қор спортшы жастарды қолдау мақсатымен және халықаралық жарыстар алдында қажетті жаттығулар мен жарыс тәжірибесімен қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті халықты белсенді өмір салтына тарту бойынша бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін құрылды. Бұл фестиваль қордың идеялары мен философиясына толық сай келеді және серіктестердің қолдауы арқасында ол ауқымды, әсерлі болып, жоғары деңгейде өтпек. Өсіп келе жатқан ұрпақта Олимпиада рухын дамытуға арналған осындай жарыстардың жыл сайын өткізіліп, өте танымал болатынына сенеміз», - деп атап өтті Олимпиадалық қордың директоры, Ванкувердегі Олимпиада ойындарының биатлоннан күміс жүлдегері Елена Хрусталёва.  
Қысқы Балалар мен жасөпірімдер Олимпиадалық Фестивалі аясындағы жарыстар бірнеше қазақстандық қалаларда өтеді. Бірінші кезең Нұр-Сұлтан қаласында өтеді және ол 21-23 қарашада конькимен жүгіру спорты мен 27-29 қарашада шорт-трек бойынша жарыстарды қамтиды. Осы дисциплиналар бойынша ең мықтылар Алау мұз сарайында анықталады. Келесі сайыстар – шаңғы жарыстары бойынша – Щучинскіде 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық дайындау орталығында» өтеді. Тағы бір кезең биатлон бойынша Алматыда 17-20 желтоқсан күндері «Алатау» қысқы спорт түрлерінен республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі базасында өтеді. Фристайл бойынша жарыстар доданы қорытындылайды, олар 25-27 желтоқсанда Өскемен қаласында «Қысқы спорт түрлерінен Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер Олимпиадалық резерв мектебі» базасында өтеді.
 «Салауатты өмір салты мен спортты дәріптеу – қоғамымызды дамытудың позитивтік тенденцияларының бірі. Дене шынықтыруға баулу мен өзіңе деген жауапкершілікті ерте жастан шыңдау қажет. Балалар мен жастарды тұрақты физикалық белсенділікке барынша жұмылдыру үшін көп істер атқарылды. Бұл жұмысты жарыстар жүйесін дамыта отыра жалғастыру қажет және елде осындай деңгейдегі Қысқы Балалар мен Жасөспірімдер Олимпиадалық Фестивалінің пайда болуы – спортты дәріптеу жолындағы тағы бір алға қадам. Өз тарапымыздан, біз Қысқы Балалар мен Жасөспірімдер фестивалін өткізу бастамасын толықтай қолдаймыз және барлық жас спортшыларға алдағы жарыстарда жетістіктер тілейміз», - деп атап өтті ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев.
Спорт адамға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді, себебі ол физикалық денсаулықты нығайтып қана қоймай, сонымен қатар өзіңмен және қоршаған әлеммен рухани денсаулық пен үйлесімділікті табуға көмектеседі деп есептейді «Кока-Кола» компаниясында. Сондықтан компания Халықаралық Олимпиада комитетінің жаһандық серіктесі бола отырып, әртүрлі деңгейдегі спорт жарыстарын әрдайым қолдайды.
«Біздің компания ондаған жылдар бойы Олимпиадалар мен Әлем чемпионаттарынан бастап әуесқойлық жарыстарға дейін – барлық деңгейдегі спорт оқиғаларының бас серіктестерінің бірі болып қалуда. Осы жылы Coca-Cola Халықаралық олимпиада комитетімен (ХОК) серіктестік қатынасты тағы 12 жылға ұзартуы туралы жариялады, бұл біздің компанияны 100 жылдан аса уақыттағы ХОК-нің ұзақ мерзімді үздіксіз серіктесіне айналдырады. Біз Қазақстанда маңызды спорттық іс-шараларды қолдау принципіне сенімді болып қалудамыз. Бұған қоса, біздің компания теннис федерациясы мен триатлон федерациясының серіктесі болып табылады. Біз қазақстандық спорт комитеттерімен күшейтілген қарым-қатынастарымызға және жастарды спортқа тартуға, әрі жас қазақстандықтардың спорттық жетістіктерін жоғарылатуға әрекет ететін ауқымды Қысқы Балалар мен Жасөспірімдер Олимпиадалық Фестивалінің пайда болғанына шын жүректен қуаныштымыз», - деді Coca-Cola Icecek Kazakhstan компаниясының корпоративтік қатынастар жөніндегі басшысы Фархат Сеитов. qazaquni.kz