Елорданың жүзгіштері үздік атанды
2019 ж. 18 тамыз
1417
0
Ақтөбе қаласында суған жүзуден Қазақстан Республикасының V Паралимпиадалық ойындары өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
Республикалық деңгейде өткен жарысқа Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғап барған балалар және жасөспірімдердің спорт мектебі тәрбиеленушілері жалпы есепте 19 медальды, соның ішінде 10 алтын, 3 күмі және 6 қола, қанжығалап қайтты.
Әсіресе, жас жүзгіш Сиязбек Далиевтің үздік нәтижесін айтпай кетуге болмас. Бір өзі үш бірдей алтын медальді иеленген ол жарыстың көркін кіргізіп, елорданың намысын қорғап қалды.
Жас спортшы бұл жеңісі үшін алдымен бапкелеріне зор алғыс бірдіретінін жеткізді.- Бұл менің алғашқы сайысқа түсуім емес. Бұған дейін де талай додада бақ сынағам. Бірақ, аталмыш жарыстың да мен үшін орны бөлек. Мұнда еліміздің түкіп-түкпірінен өзім секілді көптеген жастары келіп отыр. Солардың қатарынан үздік атану мен үшін бақыт, - деді ол өз сөзінде.
Сонымен қатар, Надежда Ли, Жәнібектархан Бексұлтан, Николай Паленис, Диана Сүтпаева, Алдан Ибрагимов секілді өзге де жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған суға жүзу шеберлерінің жүлдегер атанғаны спорт мектебі ғана емес, көпшіліктің мерейін асырды.
Атап өту керек, паралимпиадалық ойындар төрт жылда бір рет өтеді, онда бүкіл Қазақстаннан жиналған мүмкіндігі шектеулі жандар бақ сынайды. Биыл қатысушылардың жалпы саны 200 адамнан асты.
Бір ерекшелігі бұл ойындарға биыл дзюдо күресі енгізіліп отыр.Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Махамбетов Мейрамбектің сөзінше, дзюдо Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Сонымен қатар, Паралимпиадалық ойындар спортшыларды халықаралық паралимпиадалық ойындарға дайындау кезеңдерінің бірі болып табылады.
Жалпы, бұл паралимпиадалық жазғы ойындарға еліміздің түпкір-түкпірінен 800-ге жуық өрен келді. Ойындар спорттың алты түрінен өтіп, кіл мықтылар анықталды.
Парлампиадалық ойындарда 17 команда бақ сынап, олар нысананы көздеп ату, паралимпиадалық дзюдо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, валейбол мен пауэрлифтингтен өзара сынға түсті.
Еске сала кетейік, елімізде 687 мың мүмкіндігі шектеулі адам бар, олардың 285 мыңы спортпен шұғылдануға, 30 мыңнан астам адам спортпен жүйелі түрде шұғылданады.