Мемлекет басшысы «Барыс» және «Ак Барс» клубтары арасындағы ойынды тамашалады
2019 ж. 08 тамыз
3454
1

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі үшін хоккейден 10-шы халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысты. Аталған спорт додасы 7-11 тамыз аралығында «Барыс Арена» мұз айдыны сарайында өтеді.
Салтанатты ашылу рәсімінен кейін Мемлекет басшысы «Барыс» және «Ак Барс» клубтары арасындағы ойынды тамашалады.
***
Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі – 2010 жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін жыл сайынғы маусым алдындағы шайбалы хоккей турнирі. Биылғы турнирге елордалық «Барыс» командасы мен қазандық «Ак Барстан» бөлек Ресей Федерациясынан – «Автомобилист» (Екатеринбург), «Нефтехимик» (Нижнекамск) және «Салават Юлаев» (Уфа) клубтары қатысуда.