Қазақстан Азия чемпионатындағы медальдік есепте үшінші орында
2019 ж. 31 шілде
4498
0
Тайбэйде жастар арасындағы дзюдодан Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық біріншілікке Азияның 21 елінен 170 дзюдошы қатысты, деп хабарлады olympic.kz.
Қазақстан құрамасы 13 медаль жеңіп алды, оның ішінде 1 алтын, 3 күміс және 9 қола. Азия Чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан медальдық есепте үшінші орынды иеленді. Медальдық есепте Жапонияда - 10 (6-1-3), екінші орында Оңтүстік Кореяда - 10 (3-1-6) медаль.
Жастар арасындағы дзюдодан Азия чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлері:
Алтын Мөлдір Нарынова (70 кг), Күміс Ғалия Тынбаева (48 кг), Ақжол Қайыпхан (52 кг), Меруерт Сәрсенова (57 кг), қола Ақмарал Науатбек (48 кг), Саера Мирзахметова (63 кг), Маргарита Гриценко (-78 кг), Дамир Болатбеков (60 кг), Ермек Амангелді (66 кг), Айбар Мұқашев (73 кг), Нұрбек Ортай (81 кг), Бекарыс Саадуакас (-100 кг), Бибарыс Әбдіғани (+100 кг).