Жігерлі жастар аралас жекпе-жектен жарысқа түсті
2019 ж. 11 шілде
3783
0
Елімізде жасөспірімдер мен қыздар арасындағы аралас жекпе-жек спортымен айналысу үрдісі артып келеді. Жастардың дені спорт кешендеріне барып төбелес өнерін меңгеруге құмар болуда. Олардың ынтасы үшін де түрлі жарыстар ұйымдастырылып келеді.
Мәселен, Ақтөбе қаласында жасөспірімдер арасынла ережесін жекпе-жектен дода өткізіліп, оған еліміздің барлық өңірлерінен 85 жас спортшы қатысты, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
Қазақстандық аралас жекпе-жек федерациясының бас директоры ММА Валихан Теннің айтуынша, аталмыш жарыстың басты мақсаты турнир жеңімпаздары ішінен кіл мықты спортшыларды анықтау болды.
- Дәл осы жігіттер бір жылдан кейін біздің елімізді түрлі халықаралық жарыстарда таныстыратын болады. Келесі жылы Италияда өтетін ММА-дан Әлем чемпионатында дәл осы спортшылардың арасынан Әлем чемпионы шықпайтынына кім кепіл, - деді В. Тен.
Жастардың жігерін жанып, рухын қайрайтын дүбірлі дода аясында 14 жасқа дейінгі балалардың аралас жекпе-жекке қатысу ережелеріне бірыңғай өзгерістер енгендігі туралы да хабарланды.
Ал, жалпы жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылғандар: Динара Аяпова (52,2 кг, Ақтөбе облысы), Нұрбол Базарбаев (52,2 кг, Маңғыстау облысы), Адель Махаметова (56,7 кг, ШҚО), Ерасыл Телеубаев (56,7 кг, ШҚО), Сисенова Карина (61,2 кг, Ақмола облысы), Данияр Құлбай (61.2 кг, Нұр-сұлтан), Меруерт Серікқалиева (65,8 кг, Атырау облысы), Данияр Әжімқұлов (65,8 кг, Атырау облысы), Темірлан Халидолла (70,3 кг, ШҚО), Әмірхан Ментаев (77,1 кг, Нұр-сұлтан), Данил Губин (83,9 кг, Ақтөбе облысы), Иса Каримов (93 кг, Ақтөбе облысы), Диас Тілеміс (120,2 кг, Ақтөбе облысы).