Қазақстандық жас дзюдошы Еуропа кубогінің жеңімпазы атанды
2019 ж. 03 маусым
2587
0
Аустрияның Лейбниц қаласында дзюдодан жастар арасында өткен ашық Еуропа кубогында қазақстандықтар да жүлдесіз қалған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, аталмыш додаға 34 елден 600-ден астам спортшы қатысып, бақ сынады. Қазақстан жастар құрамасы сапында 34 жас татами шебері ел намысын қорғады.
Жарыстың алғашқы күні Ермек Амангелді (66 кг) мен Болат Біләл (60 кг) финалда ғана сүрініп, күміс жүлдегер атанды. Жексенбі күні құрама қоржынына алтын медаль да түсті. Ақмарал Науатбек 48 кг салмақта қарсыластарының барлығын тізе бүктіріп, чемпион атанды. Сондай-ақ осы салмақта Ғалия Тынбаева жүлдегерлер қатарынан көрініп, үшінші орынға көтерілді.