Қытайдың Шиху қаласының бастығы болып қазақ азаматы сайланды
2016 ж. 12 ақпан
3193
1
Қытайға қарасты Тарбағатай аймағы, Шиху қаласының бастығы болып, қандасымыз Дәлелбек Кенжеқанұлы тағайындалды деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Тәңіртау» торабының дерегінше, Дәлелбек Кенжеқанұлы Шиху қалалық 4 кезекті халық құрылтайы, 2 жалпы мәжілісінде сайланған. Құрылтай жиынына қатысқан 148 өкіл жасырын дауыс беріп, соңында қала әкімдігіне қандасымыз лайық деп танылыпты.
Шиху - Жоңғар жазығының жиегіне орын тепкен, тоғыз жолдың торабы саналатын маңызды, тарихи қала. Ежелде ойраттардың хошут тілінде Шиху – «Көр харусұн» деп аталыпты. Бұның мағынасы «мол қара су» деген сөз болса керек. Ежелгі Жібек жолы да осы Шиху қаласынан өткен. Шихудың тағы бір ерекшелігі - онда елге әйгілі Ақ сексеуіл қорығы бар. 1945 жылғы Гоминдаң қытайларына қарсы соғыста қала әскери бекініс болып, штаб орналасқан.
Дерек көзі: БАҚ.кз