Балам, сен ең ұлы державаны басқарған алғашқы қазақ әншісі боласың!
2016 ж. 01 ақпан
2953
3
Қазақстанның мұсылмандар одағы (ҚМО) және Орталық Азиядағы адам құқықтары бойынша мұсылмандар комитеті Қайрат Нұртасқа АҚШ президенттігіне сайлауға түсуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды одақтың баспасөз қызметі.
“Мәжіліс депутаттығына сайлануға батыл кіріскеніңізді есепке ала отырып, сіздің қолыңыздан бұдан да үлкен істер келетінін ұғындық. Бұдан да биікке қол сермеуге тайсалмаңыз. Халық сіздің батыл шешіміңізге қолдау көрсетеді, – деп жазылған хатта.
Мұсылмандар комитетінің басшылығы “Қайрат Нұртастың шығармашылығымен жіті танысқан американдық конгрессмендер мен сенаторлар АҚШ-тың Конститутциясына өзгерістер енгізіп, шетелдік азаматқа ел басқаруға рұқсатын беретініне” сенімді.
«Бір кездері Рональд Рейган мемлекет басшысы атанған тұңғыш актер болатын. Бірақ, сонау Американың өзінде бірде-бір әнші-президент болған емес. Біздің Қайрат Нұртас ең ұлы державаны басқарған тұңғыш қазақ ретінде тарихқа енетін болады”, – деп көрсетілген баспасөз хатында.
«Балам! Сен Дональд Трамп пен Хиллари Клинтоннан еш кем түспейсің. Біріншіден, олар сен секілді ән сала алмайды, оның үстіне, сенің шаш үлгің тіптен керемет!», – деп жазды комитет басшысы Мұрат Телібеков.
Дерек көзі: Нұр.кз