Террористің анасымен сұқбат

Хосият-СабуроваТөменде суреттегі жігіттің аты – Бахтиер Шеров. Тегі – тәжік. Сирияға кеткен. «Ислам мемлекетінің» қатарына қосылған. Жиһадқа. Содан қайтып оралған жоқ… Өлді. Анасы Хосият Сабурова оның өлгеніне сенбейді…

151202165239_bakhtier3_351x351_bbc_nocredit

Сириядағы дағдарысқа қатысты сырғытпа ақпараттарға қарағанда, ұлынан айырылған ананың жанайқайын жазған әлдеқайда шынайы көрінді бізге.

Хосият Сабурова: – Ел үшін мен –террористің шешесімін. Ұлым Сирияға кетіп, сол жақта өледі деп өмірі ойлаған жоқпын. Ол жақтағы жағдайдан хабардармын. «Ислам мемлекетінің» құрамына өткен жастарға қарап жаным ашитын. Бірақ, күндердің күні өзім де көз жасымды көл қылып отырарымды қайдан білейін…

Сөге көрмеңіздер, сынау әрдайым оңай. Дәл қазір «Сирияға аттанатын жастардың саны неге артып барады?» деген сауалға жауап іздеу керекпіз. Менің қайғым мен трагедиямды түсіну үшін адам өзінің діни, этникалық немесе ұлттық принциптерін бір уаққа шетке ысыра тұру қажет.

Бахтиер бар болғаны 27 жаста еді. Көп күткен баламыз болатын. Менің жан дегендегі жалғыз ұлым.

Сабағын жақсы оқыды. Кейін әскери лицейге түсті. Ұлымның құқық саласында қызмет еткенін қаладым. Алайда оқуды жалғастыратын ақшамыз болмағандықтан ұлым үйге оралып, исламды тануға кірісті. Араб тілін меңгеріп, Ислам қағидаларын оқыды.

Сириядағы 700 тәжік азаматы соғысып жүр. Олардың 150-і оққа ұшқан. Сирияға аттанатындардың жас аралығы –19 пен 45. Кейбіреулері тіпті бала-шағасын алып кететінге ұқсайды.

Журналист: –  Ол немен айналысатын?

Хосият Сабурова: – Жұмыс таппағасын, Ресейге кетті. Алғашқы жылы ұлыма барып тұрдым. Мәскеуден жұмыс тапты. Ислам заңдылықтары бойынша өмір сүретін. Тәртіпті, тәрбиелі еді.

Журналист:  – Ол Сирияға қалай тап болды?

Хосият Сабурова: – Бір жолы елге ерте оралдым. Ұлым Ресейде қалып қойды. Кейін үйлендірдім. Бірақ, тіршілік ету керек, тағы да Мәскеуге баруға

жолға ақша таппай қиналдық. 400 доллар қарыз сұрап алып бердім. Ұлым: «қарызды өзім қайтарамын, қам жеме», – деген. Ресейге барғасын бірнеше ай жұмыс таппай жүрді.

Қарызды қайтару үшін көзіне іліккен кез келген қара жұмысты атқарып жүргенін білдім. Бір күні хабарласты. «Германияға барамын», – деді. «Барма!» – деп бұйырдым. Тыңдаған жоқ. «Аз уақыттан кейін ораламын», – деді ұлым.

Содан 5 ай хабарласқан жоқ. Қайда кеткені белгісіз. Ол Сирияға кетті деп мүлде ойлаған жоқпын.

Журналист: – Тек бес айдан кейін хабарласты ма?

Хосият Сабурова: – Иә, телефон өмірі шыққан жоқ. Жылап жібердім. «Қайда жүрсің? Не істеп жүрсің?» – деген сұрағыма жауап бермеді. Үнсіз қалды. Кейін тағы бірнеше рет хабарласты. Өзі ұзақ сөйлеспейтін.

Соңғы рет хабарласқан кезінде даусы шаршаңқы болды. Ауырып тұрғандай көрінді. «Не болды?» – деген сұрағыма жауап берген жоқ. «Үйге қайт!» – дедім де жылап жібердім.

Тәжіктер Сирияға Пәкістан, Түркия және Ауғанстанның аумағы арқылы өтеді де, ол жақтағы – «Ислам мемлекетінің» қатарына қосылады.
1396408698_63762900

Соңғы рет хабарласқанда телефон нөмірі көрініп тұрды. Біраз уақыттан кейін мен әлгі нөмірді теріп, звондай бастадым. Бірақ, ар жағынан араб тілінде: «Телефон сөндірулі, хабарлама қалдырсаңыз болады» деген жауап алдым. Таңғалдым. Германияда қайдағы араб тілі. Бәлкім, араб тілінде сөйлейтіндерге арналған «сим карта» шығар деген де ой келді. Журналист: – Оның өлгенін қайдан естідіңіз?

Хосият Сабурова: – Жаманат хабарды естімей тұрып бірнеше күн өзімді нашар сезініп жүрдім. Басым ауырып, түнімен көз ілмей шығатынмын. Біреу мені алқымымнан алып, қылқындырып жатқандай әсерде болдым.

Баласын жоғалтқан аналар ғана түсінеді мені… Анасы баласының өлгенін сезеді. Кейін білдім,  өзімді өте нашар сезінген күндер баламның қазасымен тұспа-тұс келіпті. Оны қауіптен құтқара алмадым. Құлыным сол…

Бір күні түн ішінде әлгі арабша сөйлеген телефоннан біреу хабарласты. Бейтаныс дауыс. Танығам жоқ. Тәжік тілінде сөйледі:

– Сіз Әбу Ахмадтың анасысыз ба?

– Жоқ.

– Ешқандай Әбу Ахмадты танымаймын. Мен Бахтиердің шешесімін.

– Берік болыңыз. Ұлыңыз қайтыс болды. Ол – өлді. Бүгін жерледік. Сабыр берсін сізге…

Есімнен танып қала жаздадым. Қанша уақыт жылағаным есімде жоқ, телефонға қарасам әлі өшпепті. Ар жағындағы адам менің қалай жылағанымды, қалай дауыс көтергенімді тыңдап тұрыпты. Телефонды қайта алдым: «Ұлымның өлгенін қалай дәлелдейсіздер? Қолдарыңда қандай дәлел бар?» – деп айғай салдым. Әлгі адам маған ұлымның суретін және оған қатысты ақпаратты көруге болатын сайтты айтып берді.

«Тым болмаса оның денесін жіберіңдер», – дедім мен. «Жоқ. Бұл мүмкін емес. Біз оны жерлеп тастадық», – деді әлгі адам. Таңғалдым. Германиядан жібере алмайтындай не көрінді? Өзгесі есімде жоқ. Туысқандарым ұлымның әскери киімдегі суреті мен өліп жатқаны түсірілген видеоны алып келіпті. Көп уақыт сенгем жоқ. Ел мені алдап жүргендей көрінді.

Журналист: – Сонда оның осы уақытқа дейін Сирияда жүргенін білмедіңіз бе?

 Хосият Сабурова: – Жоқ. Әрине, Сириядағы жағдайдан хабардар едім. Бірақ, дәл менің ұлым Сирияда жүр деп еш ойлағам жоқ. Бұл бізге қатысы жоқ алыс дүниедей көрінетін.

Қазір мен туған-туыстарыммен сөйлеспеймін. Мені қолдаудың орнына сырт айналды. Қиын шақта жалғыз қалдырып кетті. Олар үшін мен – өлгенмін. Кейде өзім де солай ойлаймын. Мен өмірдің мәнін жоғалтым алдым…

Мені жұмыстан шығара жаздады. «Арыз жаз», – деді. Бас тарттым. Шынымен де менің кінәм неде?Бұдан кейін мен арнайы органдар тергеуге алды. Иә, түсінем. Бірақ, бұл жан төзгісіз дүние екен. Бәрі де бір сауалды қояды. «Сіз ұлыңыздың Сирияда жүргенін білдіңіз ғой? Ол сізге қанша ақша жіберді?» – дейді. Бұл ақпарат бүкіл қалаға таралып кетті. Жеке басының қамын ойлаған туысқандарым маған келуді, көңілімді сұрауды қойды. Қорықты. Телефондарын өшіріп тастайтын. Көшеде көріп қалса, танымайтын адам сияқты өте шығатын болды.

Әңгімелескен Анора САРКОРОВА, БиБиСи арнасынан қазақшаға аударған «Қала мен Дала» газеті