ЕРДОҒАН ЕРЕУІЛДЕРДІ «ҮЛКЕН ОЙЫНҒА» БАЛАЙДЫ

Тайып Ердоған Түркиядағы ереуілдерді «үлкен ойынға» балайды
Kapkyzy Yesengul
Анкарадағы Ердоғанды қолдау митингісінен көрініс Казлышешмедегі майдан өте алып  алаңдардың бірінен саналады екен. Халық екі сағат бұрын алаңға лық толды. Жергілікті әкімшіліктің есептеуі бойынша,бір миллион екі жүз мың адам келген. Оның сыртында алаңға сыймаған көпшілік, ереуілді алыстан бақылады. Сол алыстан бақылаушылардың қатарында біз де болдық. Біріншіден, Тайып Ердоған Стамбул уақытымен тура 18.00-де алаңда болды. Екіншіден, екі сағат бойына толассыз, тоқтаусыз және демалыссыз сөйледі. Әрине, оның сөйлеуіне көмекші экранның болғаны рас. Дегенмен,  Бас министрдің шешендігі қайран қалдырды. Алаңға Бас министр әйелімен және қорғаушыларымен көтерілді. Біздегідей жоғары лауазымды көрсе халықты қуып, інге тығатындай әрекетті байқамадық. Алайда, әйелі халық алдынгда азғана аялдады да, бас министрдің өзін ғана қалдырып, көзден ғайып болды. Ердоған шапанын шешіп, көмекшілерінің біріне ұстатты да, әңгімесін бастап кетті. Әуелі ол өзін қолдауға келген Стамбулдың әрбір ауданының өкілдеріне, партияларға рахметін жаудырды. dd5587330c4cf8b609269e55a6773695.jpg Сосын жиырма күнге  жуық уақытқа созылған Таксимдегі және Гези паркіндегі наразылық шараларына тоқталды. Былайғы жұртқа Ердоған ақталған сынды көрінеді екен. Дегенмен, ақтала тұрып, ереуілдеткен халыққа сес көрсеткендей әсер қалдырды. Біріншіден, Ердоған бұл ереуілдерді "үлкен ойын" деп түсінеді. Оның бастысын сырттағы күштер, Еуропа елдері және АҚШ ойнап отыр. Ал ел ішінде осы ойынға елтіп жүрген арандатушылар бар-мыс. Ердоғанның осы ойын оны қолдаушылардың ереуіліндегі «Buyuk ouyny bozmaya, haydi tarih yazmaya» деген ұраннан-ақ байқауға болады. Бұл ұранның мағынасы «Үлкен ойынды бұзайық, ал енді тарих жазайық» дегенге саяды екен. «Ереуілшілердің басында Түркияның халықтық партиясы тұр» деп есептейді. Оларға кімдердің дем беріп, кімдердің қолтығына су бүркіп отырғаны да тайға таңба басқандай дейді ол. Халықшылдар кезінде Аднан Мендересті тақтан тайдырып, халық алдында асуға дейін барған. Азанды түрікше шақыртып, мешіттерді мал қораға айналдырған. Бірақ қаншама жыл өтсе де, бұл партияны қолдаушылардың саны мол емес. «Гези паркіндегі ереуілшілер арандату мақсатында полицейлерге оқ атты. Соның салдарынан 2 полицей қызметкері және 44 отандасымыз жараланды. Қарапайым халықтың 200-ге жуық машинасы, полицияның 150 көлігі, қаншама автобустың бүлінуіне жол берілді. Оны полицейлер емес, алаңға келген арандатушылар жасады, бұның барлығы халықтың мүлкі, оны олардың талқандауына кім құқық берді?» деген ол осы Таксимдегі мыңдаған адамның бизнесі, күн көріс көзінің ереуілшілер салдарынан тоқтап тұрғанын айтып, бизнес иелеріне жаны ашитындығын білдірді. Оның сөзіне қарағанда, ол ереуілдетуші топтың әрқайсысымен жеке жеке кездесу өткізіп, келіссөздер жүргізген екен. Гези паркінің тағдырын халық шешсін, референдум шешсін деген ұсынысын қабыл алған топ, қазір ол ойынан айнып, бас тартып отырған көрінеді. Ердоған Бас министрлік тағына отырғалы 11 жыл. Осы уақыт аралығында жасаған істерін тізбелеген ол ең бастысы халықты демократиялық жолмен басқарып, құқықтық мемлекет құра білгендігін жеткізді. Ол әлемдегі ең ірі әуежай құрылысын бастапты Стамбулда, әлемнің жеті кереметінің бірі атанған аспалы көпірдің тағы үшіншісін салмақ. Теңіз астынан пойыздар жүйткітбек. Осының бәрін салмақтаған ол Гези паркіндегілерден өз еркімен Таксим мен Гезиді босатуын сұрады. Егер, өз жөнімен кетпесе, күш қолдануы бек мүмкін екендігін де ескертті. Сөз соңында Ердоған Түркия жұртын бір байрақ, бір отан, бір дәулеттің аясында жұмылған жұдырықтай болуға шақырды. Түркі байрағын әрбір отбасының балконынан көргісі келетінін, басқа байрақтарды танымайтынын айта отырып, әлеуметтік желілер де, ереуілдер де Түркияның қазіргі билігін орнынан заңсыз  тайдыра алмайтынын айтты. Ердоған өзін халық сайлағанын және сол сайлаумен ғана орнын беретіндігін жеткізді. Ереуіл соңы "Жолымыз бір, бағытымыз бір" деген әнмен жалғасты. Жұрт ың-шыңсыз тарасты. 15 маусымда Анкарада өткен ереуілде де Ердоғанды жүздеген мың халықтың қолдауға келгені айтылды.  Есенгүл Кәпқызы, Стамбул. "Түркістан"