Дос Көшім: Қоғамда қазақ тіліне деген қажеттілік тудыру керек
2019 ж. 07 наурыз
3254
0
«Ресейдегі жалғыз қазақ мектебі жабылды» деген сөз бәрімізді бір дүрліктіріп тастады. Арман Шораевтан бастап көптеген адамдар «Біз де Қазақ еліндегі орыс мектептерін жабуымыз керек» деген пікірді көтерді.
Қате ұран деп ойлаймын. Орыс мектептері жабылғаннан орыстілді азаматтар қазақтілді болып шықпайды. Меніңше, біз себебінен көрі салдарымен күрескенді жақсы көреміз.
Біздің міндетіміз – қоғамда қазақ тіліне деген қажеттілік тудыру. Қазақ тілін меңгермеген жандар нан сұрап жей алмайтын жағдайға түскенде ғана орыстілді азаматтар балаларын қазақ тілді мектепке береді, сонда ғана орыс тілді мектептер өзінен өзі жабылады.
Қажеттілік екі жолмен жасалынады; біреуі – тілге заң арқылы қажеттілік тудыру, ал екіншісін ...Руза Бейсенбайтегі мен Оғыз Доғаннан сұрап алыңдар.
Дос Көшім,
Қазақ үні