Құлдар мемлекетті қорғай алмайды - Советқазы Нұрсила
2019 ж. 31 қаңтар
4367
0
Бір патшаның өте жақсы құлы болыпты. Бір күні патша сол құлын шақырып алып: - Сіз менің әкеме де құл болдыңыз, оның әкесіне де құл болдыңыз... Маған да құлақкесті құлым болғалы талай жылдың жүзі болды. Көп жылдар көрген бейнетіңіздің адал зейнетің көріңіз, - деп, ат басындай алтын беріп, қалтасына қаражат салып беріп, бостандыққа қоя берген екен.
Бірнеше күннен кейін құлы қайтып келіп: - Тақсыр, Сізге мың да бір рахмет!!! Мен мына бостандықта қалай қолдануды білмедім. Бүкіл саналы өмірім құлдықта өтті, санамдағы құлдық мені қайта осында ҚҰЛДЫҚҚА алып келді. Онан да ҚҰЛ болып сізде жүре бергенім дұрыс екен, - деп, қайтадан мойнына құлдық қамытын ілген екен.
P.S. Санадағы құлдықтан құтылғанда ғана адам еркін болады. Құлдар мемлекетті қорғай алмайды, құлдарда мемлекет болмайтынын бір еске салып кетейін деген ой ғана!!!
Сəбетқазы Нұрсила,
Фейсбук парақшасынан