Оразақ Смағұлов: Қазақстанда бір ғана ҰЛТ бар – ҚАЗАҚТАР
2018 ж. 06 қараша
4234
0
Қазақстанда 130 дей ме, 140 дей ме ұлт тұрып жатыр дейді. Бізде ұлт тұрып жатқан жоқ, ұлт өкілдері тұрып жатыр. Оларды диаспора дейді. Сондықтан ұлтаралық деген сөзді айта алмаймыз. Қазақстанда бір-ақ ұлт бар. Ол – қазақтар. Мысалы орыстар әрі Ресейде жүріп ұлт болады, Өзбекстанда, Қазақстанда, Иранда жүріп тағы ұлт болады. Ондай ғылыми-тарихи анықтама категория жоқ. Халық бір-ақ жерде пайда болады, өсіп-өнеді. Ал таралғандардың барлығы диаспора. Мәселен, Астраханьда, Қытайда, Өзбекстанда тұрып жатқан қазақтарды олар диаспора дейді ғой. Сондықтан тарихи дәуірде қалып қойған орыстар, дүнгендер, ұйғырлар, күрттер ешқайсысы ұлт болып саналмайды. Осыны сіздер жақсы түсіне біліңіздер. Бізде ұлтаралық емес, бір ұлт пен диаспоралардың арасындағы саяси-мәдени қатынастар бар...
Оразақ Смағұлов, антрополог Қазақ үні