Жанұзақ Әкім: Бодан болуға дайын отырған мемлекеттің алғышарттары
2018 ж. 29 қазан
2906
1
Елдің ақпарат кеңістігіндегі қазақ тілінің үлесі соңғы осы ғасыр басталғалы 15-18% деңгейінде қозғалмай тұр. Бұл, мемлекеттік тілге деген мемлекеттік органдардың солақай саясатының салдары.
Мысалы, елде шығатын 5 мыңнан астам газет-жорналдардың 550-дейі ғана қазақ тілінде. Алматыдағы бала-бақшаның 10 пайыздайы ғана қазақша... Астананың да оңып тұрғаны шамалы. Онда қазақша газет-жорнал сататын бір ғана дүңгіршек "Артем" супермаркетінің жанында және жалғыз қазақша кітап сататын "Абай" дүкені оң жағалауда. Есесіне Президент мәдени Орталығына (Сол жағалауда) кітап іздейтіндер "Русский мирға" барады.
Сол жағалау әзірге қарағайға қарсы біткен бұтақ болып қалуда. Сол жағалаудадағы 20 мыңнан астам шенеуніктер қазақша газет-жорнал, кітап оқымайтын болғаны ғой. Бұл жерде астанадағы бастық інісін іздеп ауылдан барған ағасының сөзі еске түседі. Онда, ағасы елдің бар жағалығын түгелдей айтыпп болғаннан кейін, "агашка я все понимаю, но не могу говорит" деген інісіне, қарағым-ау "менің итім де бәрін түсінеді, ол да сөйлей алмайды" дегені еске түседі.
Астана жанындағы Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданының орталығы, Біржан салдың туған ауылы Степняк деп аталады. Ал, Бурабайдың санаторийларында қазақ телеарналары мүлдем көрсетпейді екен. Сонда, әкімдер т.б. мемлекеттік органдар "ай қараудан басқа не істейді?". Бұл, болашағы жоқ, бодан болуға дайын отырған мемлекеттің алғышарттары. Осындай қоғамда "боданнан құл туады, құлдан жетесізұл туады!". Алдағы ұрпақтар осындай тексіздер болмас үшін күні-түні күресу керек. Себебі, бұл коррупциядан да жаман, сананы билеген рухани дерт. Рухсыз қоғам басы бірікпейтін құлдардан тұратын тобыр болады.
Жанұзақ Әкім, Фейсбук парақшасынан