"Ов, ев, ин" секілді құлдық жалғаулардан қашан арыламыз?
2018 ж. 04 қазан
7178
0
Құжатында "ов-ев-ин"-дерге жабысып қалған жерлесім, отарлық заманның арам тамғасынан арылар заман келді ғой. Әкем, иә, атам осы фамилияда болды, мен де солай жүремін деген жалған әдетшілдік сын көтермейді. Өйткені отарлық езгідегі Ата-Баба есімдеріне бөтен қыстырманы өмір мен өлім ауызында қабылдауға мәжбүр болды. Ендеше бүгін Қазақи аталуыңа не кедергі, құлдық санадан басқа? Бұл кісенді сындырмай, Тарихи әділет, Ұлттық намыс, Өркениеттік болмыс қалайша жаңғырмақ? Ал осындай тағдырлы таңдау жасалар болса, Әруақ та бір марқайып қолдайтынына шүбә жоқ. Азамат болуың ат-жөніңнен басталады.
Расул Жұмалы, Фейсбук парақшасынан