Баламды кішкентайынан қазақ тіліне үйреткенде 15 миллион теңге үнемдеуші едім
2018 ж. 29 қыркүйек
4612
0
Кеше бір орыс әйел айтады "баламды қазақ балабақшасына беріп, кішкентайынан қазақ тіліне үйреткенде 15 миллион теңге үнемдеуші едім" деп. Баласының мықты математик екенін 5-ші сыныпта байқап, НИШ -қа тапсыру үшін бір жыл қазақ тілін қанша мұғалім жалдаса да еш үйрете алмағанын, тіпті тек қазақша сөйлесетін ортаны немесе оқушылар лагерін де іздеп таппағанын айтты. Содан НИШ-қа тапсырып, қазақ тілінен өте аз балл жинағандықтан грантқа түсе алмай қалыпты. "Енді баламның болашағы үшін NURORDA мектебіне ақылы негізде, жылына 3 миллион теңге төлеп оқытып жатырмыз. Бұл 5 жылда 15000000 теңге. Бүкіл сабақтан өте жақсы, тек қазақ тілінен ғана нашармыз. Мен осы өкінішімнен кейін біраз туыстарым мен достарымның балаларын қазақша балабақшаға бергіздім" деп отыр.
Енді жоғарғы оқу орнына да қазақ тілімен қосып, қазақстан тарихын қазақша тапсыруды міндеттесе, біразы қазақ балабақшасы мен қазақ мектептеріне беріп, тілдің абыройы артушы еді.
Фотодағы 8- ші сынып оқушысы Михаил, "Алпамыс батыр" жырының 50 бетін жатқа оқиды екен.
Ерлан Жұрынбаев Фейсбуктегі парақшасынан