Қазақты қырған ұжымдастырудың 90 жылдығын неге тойлауға тиіспіз?
2018 ж. 28 қыркүйек
3039
0
Әлекем Аманкелді ауданының 90 жылдығына тойға бармақшы. Арекең Нарынқолдың 90 жылдығы деп елеңдеп қояды. Секең Түлкібастың 90 жылдығына бара алмай қалды. Азекең (Перуашев) Ерейментаудың 90 жылдығынан көңілсіз қайтты.
- Біз осы нені тойлау, тойламау керек екенін білмейтін сияқтымыз, - дейді ол, - Бүкіл елде аудандардың 90 жылдықтарының "парады" болып жатыр. Оның не дата екендігінің астарына үңіліп жатқан біреу болсашы... 1928 жылы қазақ байларын кәмпескелеу, халықтың малын тартып алып, отырықшылыққа зорлау басталды. Колхоз, аудан дегендер сол кезде құрылды. Дала мыңғырған малсыз қалды. Қазақ ашаршылыққа ұшырады. Осы зорлықтың кесірінен үш-төрт миллион қазақ қырылды. Біз оны неге тойлауға тиіспіз?
Ойландыратын сауал! Онсыз да жыртығымызды жамай алмай отырғанда жыртыңдап 90 жылдықтарды тойлау не теңіміз? Қазақ қайыршылық қамытын киген қаралы күн меніңше тойланбауы тиіс! Тойшыл халық екеніміз рас қой! Тойлауға басқа да себептер жетіп жатыр. Ойланайықшы!
Арман Сқабылұлы, Қазақ үні