Депутаттар МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОРҒАЛУЫН қадағалау керек - Сүгірәлі
2018 ж. 03 қыркүйек
2535
2
Депутат мырзалар!
Демалыстарыңа шығар алдында "Мемлекеттік тілдің дәрежесі өз орнында емес" деп, кіжініп кетіп едіңдер, енді жаңа күшпен, жаңа ынтамен халық талабын орындауларың керек.
Мемлекеттік тілдің дәрежесін көтеруді, Конституцияның 7-ші бабының 2- тармағын алып тастауды, "Тіл туралы" заңды толығынан өзгертуді қолға алыңыздар!!.
БАҚтар мен телеарналарда мемлекеттік тілді насихаттауға, " Тіл туралы" заңда көрсетілгендей мемлекеттік тілді қорғауға назар аударыңыздар. Мемлекеттік тілді насихаттауға арналған бағдарламаларға уақыт беруін қадағалаңыздар!
Халыққа қызмет көрсететін мекемелер, ұйымдар, емхана, ауруханалар, демалыс орындары, транспорт түрлерінде т.б, кәсіпорындарда қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеруін заңмен міндеттеңіздер!!
Мемлекеттік тілге назар аудармаған, заң талаптарын орындамаған лауазымды адамдарды жауапқа тартуды бастау керек, жауапқа тарту шараларын күшейту қажет!
Бұл өздерің қайталай беретіндей- заман талабы, халық талабы!... Нәтижесін күтеміз мырзалар! Құрғақ сөз, бос уәде болып қалмасын! Осы халық талабын орындасаңдар, "айды аспанға шығарды" деген дәрежеге жетесіңдер! ...
Аман болайық, қазағым, сіздер де талап етіңздер, үзбестен назарымызда ұсталық!
Санат Сүгірәлі, Қазақ үні