«Шешін, шешін, болшы тез, таста бәрін"- Әуезов

 

Өмір-өлең

 

Бұған қазір табылмас тоқтар шыдам Бой суытсын жүректер от шарпыған. Осы күнді екеуміз қанша күттік Сұрапыл сезім тулап жатқан шығар.

Жанға рахат елітер әр естіні, Мұның ешбір жоқ шығар әбестігі. Бізге дейін бәрі де бастан кешкен Қандай қымбат еске алар елес құны.

Жағаға ұрып толқындар мың бұрылса, Не болады дәл қазір күн құбылса. «Болшы, болшы» екеуміз асығайық Бір қызыққа батайық тым құрыса.

Ісін солай жасайық жас баланың Шырқайықшы өмірдің асқақ әнін. Біреу келіп кедергі болып жүрер «Шешін, шешін, болшы тез, таста бәрін".

Әлдебір жаман ойға жорымаңыз, Әр жырым қалса екен болып аңыз. Дүние емес бұл өзі сіз ойлаған Күн ыстық, көлдің басы, шомыламыз.

Елубай Әуезов