Орыстілді "патриоттардың" маңдайына бұл жалғаннан МӘҢГҮРТ боп өту ғана жазылған
2018 ж. 24 маусым
6838
2
Орыстілділер қытайға тиген қазақ қыздарына жақтасып жатыр. Марат Толибаев деген солардың біреуі той өткелі жатқан мейрамханаға барып, тойдың «шырқын бұзған» жігіттерді жабайыларға, нәсілшілдерге теңеп тастапты, ал, ендеше! Сол баяғы қазақша сөйлеуді талап еткендерді националистерге теңейтін орыстанған ағайындардың мақамындағы әңгіме. Өзі посттарын орысша жазады екен. Оған осындағы әлгі бір анекдоттағы екі ортада қалған түлкі құсаған кейбір ағаларымыз барып лайк басып кетіпті тағы. Олар неғып адасып жүр ол постта, түсінбедім?!
Орысша ғана пост жазатындардың ұлт туралы езеуреп сөйлеуіне қандай қақы бар екенін айта алмаймын. Бірақ олардың орысша сөйлеп жүргенінің өзі - ұлттың аманатына, тіліне, діліне, болашағына қиянат жасағаны емес пе! Ондайлардың бұл тақырыпта көсіліп сөйлеуіне қандай қақы бар? Сосын, әлемнің көп елінде, Саудияда да, Швейцарияда да шетелдіктерге тиген қыздардың хұқын шектейтін арнайы заң бар. Олар не, ақымақ па сонда? Ұлттың басындағы әр жағдайға алаңдап отыратын (Толибаев сияқтылар емес) жанашыр жандар болады. «Диана» мейрамханасына барып, қытай мен «қазақ» қызының тойын болдырмайтын тастаған жігіттерді мен осындай патриоттарға жатқызамын. Ол жерде орыстілді «патриоттардың» біреуі болған жоқ! Өйткені олардың көбі әбден толерантты "терпила" болып біткен, бұ жалғаннан мәңгүрт болып өту маңдайына жазылған адамдар!
Жолымбет Мәкіш,
Фейсбук парақшасынан