БҮГІНГІ ЗАМАН ҚАЙЫРШЫЛАРЫ КІМДЕР?

1.2002 ж Алматыдағы Орталық мешітке жақын жерде, Пушкин көшесінің бойында қайыр сұрап отырған қазақ кемпірді көрдім. Қолында сотка, біреумен сөйлесіп отыр. Ол кезде елдің көбінде (менде де) сотка ӘЛІ жоқ еді...

2.Кеше Шымкенттегі Ескі қаладағы бұрынғы орталық мешіттің жанынан тар көшемен жайлап өте беріп, аппақ сазандай, екі бетінен қаны тамып тұрған, жылтыраған бетінде әжімнің изі де жоқ, қара көйлек киген өзбектектес келіншектің екі-үш әйелдің қатарында қайыр сұрап отырғанын көрдім. Шыдамай машинаның ашық терезесінен "ау, саған не жоқ?" деп едім, есітті ме, қып-қызыл боп қызарып кетті де жүзін төмен салды...

3.Бүгін 77-мектептің қасындағы мешіттен айт намазынан шыққанда сыған ба,түрік пе, күрді ме, қайыр сұраған, жарылайын деп тұрған жардай қатындар қаптап кетті. Кеңпейіл қазақ соларға садақа беріп жатты. Ең сорлы "қайыршы" оның өзін ең кемі он орап алатынын қайдан білсін.. "Малымды алсаң ал, пейілімді алма!" деген қазағым, сендей пәк, сендей өркениет әлі толық бұзып болмаған басқа ұлт бар ма екен жер бетінде?.. Кең пейіліңнен басқа нең қалды? Бәрібір, алмасын Алла пейіліңді! Бізді ұстап тұрған соңғы ұстын - сол!

Өмірзақ Ақжігіт, Фейсбук парақшасынан