Кеше орыс мектебінің түлектері кәдімгі қарапайым кафеде қоштасу кешін тойлады. Алып сарай, зәулім ғимарат емес, даладағы шарбақтармен қоршалған үстелде отырды. Айтайын дегенім басқа. Қазақ мектептерінде қоштасу кеші неге құдалық той сияқты өтеді? Залды, асабаны, әншіні жалдайсың. Қып-қызыл шығын. Әйтеуір осы науқанда әнші-асабалардың ұрты майланып қалады. Ал біз сол үш-төрт сағаттық кешті дүркіреген тойға айналдырып жібереміз. Балалар оны қалай ма? Бір пенде сұрамайды. Осы үрдіс пе, дәстүр ме, оны құрту керек
Жазира Бегалы,
Instagram-парақшасынан алынды