«Құдай-оу, анау Түркияда бар ғой, кәдімгі біздің орыстар ше, солар түрікше сайрап жүр. Әншейінде қазақшаға тілдері келмеуші еді ғой. Қазақстаннан барып, қазақ саудагерлерге көтерме сататын дүкендерде сауда жасап жүрген орыстармен кездесіп қалдым. Қазақтың тіліне қажеттілік болмай тұр ғой. Әйтпесе, қытайдың тілін де үйренеді екен ғой бұлар», – деп жазды журналист.
Қазақстанда қазақша сөйлей алмай жүрген орыстар Түркияда түрікше сайрап жүр – журналист
2018 ж. 16 мамыр
13860
1
Әншейінде «қазақшаға тіліміз келмейді», «қиын» деп түрлі сылтау айтатын қазақстандық орыстар Түркияда түрікше сайрап жүр. Бұл туралы журналист Жанар Оразымбет өзінің Facebook-парақшасына жазды.