Ресейлік спортшы Назарбаеваны ұрып, "мамбетка" деп атаған - танымал журналист
2018 ж. 05 сәуір
10889
23
25 наурыз күні Әсел Назарбаева деген қыздың сот ісіне қатыстым. Журналист ретінде.
Назарбаевтың туысы деп ойлап отырсыздар ма?..) Мен де солай ойлағам... Жоқ, Назарбаевқа еш қатысы жоқ,.. жай ғана "однофамильцы".
Дәлірек айтқанда, іс "Назарбаева ісі" емес, "Перегуда ісі" деп аталады. Әсел Назарбаеваны Ресейден келген келімсек, РФ азаматшасы Перегуда деген бір спортсменка ұрып, шашын жұлып, күртесін жыртып, қолына беріпті. Оқиға 2016 жылдың 27 қарашасында болған. Содан бері іс 3 рет жабылып, Әселдің табандылығының арқасында 3 рет мұрағаттан қайта көтеріліп, ақыры Әсел мақсатына жетіп, "жәбірленуші" деп танылып, іс сотқа кетеді. Ал енді Әселді ол РФ азаматшасы не үшін ұрған деген сұраққа келейік. Еш себепсіз ұрған. Таратып айтуға ұзақ әңгіме, қысқаша жеткізейін: Розыбакиев - Әл Фараби жақтағы "Мега" маңайында "Zeta" жиһаз дүкені бар, сол жерде Әсел кезекте тұрғанда Перегуда сонда бір себетті (корзинаны) алмақшы болады, "мынауың кір, басқасын әкел" деп сатушыға дөрекі сөйлейді, сатушы жігіт басқасын әкеледі, "ты что, думаешь что я дальтоник?!. Басқасын әкел дедім ғой.." деп, қызмет көрсетушілермен бір байланысады. Сатушы жігіт сұрағанын әкеп береді, ал ол чек жаздырту үшін кезекке тұрады. Әсел мұның артында тұрады. Сол сатушы жігіттер, орысшаға тілдері қысқа, қарапайым ауыл балалары екен. Екі жігіт әріректе өзара сөйлесіп тұрады: "Әттең, осындайда орысша білмейтініме өкінемін" дейді біреуі. Содан қырғын басталады. "ЧЕ орысша? Че орысша???... Че вы говорите на непонятном мне языке???... Говорите на русском!.." деп Перегуда екі жігітке бас салады... Ол екі жігіт түсіндіре алмай әлек болады. Ортаға Әсел килігеді: "Девушка, вы не поняли, они не про вас говорят, а о себе...жалеют, что не знают русского..." деп анаған түсіндірмек болады. Ал анау болса, "А ты не вмешивайся, мамбетка!" дейді... Әсел сонда да барынша сабырлы, салмақты түсіндірмек болады, бірақ Перегуда дзюдомен айналысатын спортшы екен, Әселді алғашында екі иығынан итеріп жібереді. Әсел арт жаққа шалқалап барып, столға тіреліп құламай қалады. Енді тіктеле бергенде, Перегуда ұзын аяғымен ішінен бір тебеді. Алдында ғана өтін алдыртқан Әсел іші ауырып бүктеліп қалғанда, Перегуда оның шашынан ұстайды да, еңкейген күйі тұрған Әселді тізесімен маңдайдан екі-үш рет тебеді... Ошм, Әсел біраз таяқ жейді... Курткасы жыртылады... Әсел магазиннің есігін жаптырып, полиция шақырады... Біздің әділетті де арлы полиция "екіжақты төбелес" деп істі жауып тастайды. Содан бері Әсел шындық іздеумен бір жарым жылға жуық сандалады... Прокуратураға шағымданады, нәтиже болмайды, ІІМ шағымданады - Әсел жәбірленуші деп танылып, іс бір ай бұрын сотқа түседі. Бұл әңгіменің бәрін қаз-қалпында көріп, қаз-қалпында баяндап берген куәгерлер жеткілікті. Материал бір зерттеу мақалаға сұранып-ақ тұр... Журналистердің назарына: келесі сот процесі 4-5 сәуірде болады. (Қарасай к-сі, 85, Сейфуллин к.-нің қиылысы). Жалпы, біздің заң жүйесінде былық-шылықтар толып жатыр ғой. Мен сол күні журналист ретінде сот процесіне қатыссам да, диктофон қосуға құқығым жоқ екен. Идиотизм! 21 ғасыр журналисі процеске, тым болмағанда, диктофонмен келетіні кез-келген дораққа түсінікті емес пе? Негізі, жазу-түсіру құралдарына бөлек рұқсат алу керектігін білемін, заңда көрсетілмесе де, судьялар солай талап етеді... Адвокат диктофонға ходатайство ауызша береміз деген, сол кісінің есіне түссін деп, диктофонымды қоспай, қолыма көрсетіп ұстап отырғанмын. "Қазір Абзал бері қараса, ымдай қоямын" деп. Айтпақшы, Әселдің қорғаушысы Абзал Құспан мырза. Ол бері қарай қоймады, Перегуданың адвокаты болса, "анау әйел диктофон қосып отыр, сот залынан қуып шығуыңызды сұраймын" деп еді, судья - ұлты кәріс Кван Елена Робертовна маған ескерту жасады. "Ваша честь, диктофон отключен, я ничего не записываю..." деп түсіндірмек болып едім, "қайқай" деді ғой...(( "Ради бога!" дедім де, "қайқайдым...")) Ошм, біздің заң қызметкерлерінің ақыл-қаперіне салып қойсам деймін - журналист кіру үшін рұқсат алу керектігі заңмен бекітілсе де, журналистің қолындағы құралдары да алдын-ала "рұқсат" алып кіруге міндетті деген заң жоқ. Өйткені, судьяның жұмыс құралы УПК, Нормативтік құжаттар, том-том істер болса, біздің жұмыс құралымыз - қағаз, қалам, диктофон, жазу-түсіру құралдары. Алайда, мұны түсіну үшін қарапайым логика керек-ау... Қысқасы, біздің елде орыс әділдік іздесе - заңнан сауаты бар, көзі ашық цивилизованный адам да, ал қазақ әділдік іздесе - "өзі кінәлі". Ал егер әділдік іздемесең - сауатсыз "барансың"... "Таспен жапалақты ұрсаң да - жапалақ өледі, жапалақпен тасты ұрсаң да - жапалақ өледі..." "Ұлт араздығын тудырып отырсың" деп мені де "арандатушы қылмыскер" етіп қойса, таңғалмаймын. Мейлі. Өз ұлтымды шексіз сүйетінім рас. Өзге ұлттардың жақсы жақтарын мойындап, үлгі алатыным да рас. Тек бұл мәселеде "мамбетка!" деп ұлт араздығын тудырып отырған, қазаққа тәкәппарлық биіктен қарап, менсінбей, жерге ұрып тұрған Перегуда нағыз ұлт араздығын тудырушы емес пе? Ол кезіндегі индеецтерге, қара нәсілділерге жиіркене қараған ағылшындар тәрізді, қазақты жек көріп тұрған жоқ па? При том, өзі қазақ жерінде нанын тауып жеп жүрген өзге елдің азаматы... Шаңыраққа қарасын! Онсыз да әр келімсек, әр Перегуда қазақ деген ұлттың төбесіне тышып болды! Оның үстіне, Әсел Перегудадан бақандай 15 жас үлкен!!! (Елестетіп көріңізші, Мәскеуде 25-30-дағы спортшы қазақ қызы 40-45-тегі орыс әйелді дәл осылай сабаса, не болар еді?!..) Ал дәл осы істе ұлтаралық мәселе емес, мен үшін ӘДІЛДІК, ШЫНДЫҚ деген құны арзандаған қасиетті ұғымдар қымбат! Спорттық тәсілдерді қолданып Әселді ұрып тастаған Перегуда екенін барлық куә растайды, Әсел, тіпті, бір қолын да көтермеген... Материалмен танысқан кез-келген адам бұл істе Перегуда - жәбірлеуші, Әсел - жәбірленуші екенін бірден түсінеді, физикалық, моральдық, материалдық соққы алғаны ап-анық, соқырға таяқ ұстатқандай көрініп тұр. Ал судья Кван Елена Робертовна ханымның мені қосылмаған, жазбаған диктофоным үшін қуып шыққаны - оның бүйрегі қалай бүлкілдейтінін байқатқандай... Бір журналисті қуып шығуға күші жетер, он журналист барайықшы, кім-кімді қуар екен... Журналист әріптестер! "Перегуда ісіне" араласып, істің ақ-қарасын анықтап, сотталушы лайықты жазасын алу үшін бірігейік! Негізі, "біріміз - бәріміз үшін, бәріміз - біріміз үшін" деген ұран маған ұнайды... Келесі сот отырысы 4 сәуір күні сағат 15.00.-де, 5 сәуір күні сағат 10.00.-де болады. Бостандық аудандық соты. Мекенжайы: Қарасай батыр к-сі 85, Сейфуллин к-нің қ-сы. "Жерұйық" мейрамханасына қарама-қарсы. (15-30 минут ертерек бару керек.)
Сәуле Әбілдаханқызы, Фейсбук парақшасынан