Атышулы Айжан Байзақованы депутаттыққа ұсынды
2018 ж. 26 ақпан
8971
39
Атышулы Телібеков түнгі клубта қыздардың шешінуі үшін ақша ұсынып аты шыққан Айжан Байзакованы депутаттыққа ұсынды. Бұл туралы «NewTimes.kz» хабарлады.
Ұдайы даудың ортасында жүретін Мұрат Телібеков парламенттің үшінші палатасын құру идеясын айтты. Ол үш палаталы парламент әлемде теңдесі жоқ бірегей саяси құрал бола алатынына сенімді.
«№3 палатаға Айжан Байзақовадан өзге Баян Есентаева, МС Сайлаубек, Тұрсынғали Алагөзөв, Төреғали Төреәлі, Айсауле Бақытбек, Меруерт Түсіпбаева, Мақсат Үсенов, Қайрат Нұртас жұбайымен бірге, басқа да халықтың қалаулы емес жандарын кіргізуді ұсынады", - делінген Мұрат Телібековтің баспасөз қызметінің берген хабарламасында.