Бибігүл Дәулетбекқызы: ҚАЙТАРЫЛСЫН МИЛЛИОНДАҒАН ҚАРАЖАТ!
2018 ж. 06 қаңтар
12268
61
"Ойбай, Баянның әкесі қызын қорғап жазыпты" дегенге, оқып шықтым. Қанағаттанарлықтай тұщымды жауапты ала алмадым. Сондағысы Гүлмәрия апайымызды қорқытып, Қазыбек Исаны бір түйреп өткені ме? "Ардагер журналист Гүлмәрия Барманбекова сіздің теңеулеріңіз, адамның жеке басын қорлау деп саналып заң жүзінде сарапталуы да мүмкін. Оған да бара алатынымды ескертемін", -депті.
Баянның жеке басында шаруам жоқ. Мені қынжылтатыны - тарихи сериалдың быт-шытын шығарғандығы. Халық - ақымақ емес. Салықтан түскен қаражат Баянның қалтасынан, әлде оның әкесінің қорынан түскен жоқ. Ол ақша мына отырған Сіз бен біздің ақшамыз.
Әлеуметтік желідегілердің 99 пайызы бұл сериалға қарсы емес пе? Ерлан Қарин мырзаның өзі бұл сериалды ендігі көрсетпейтінін де жазды ғой. Енді келіп не деп мыжып кеттіңіздер?!
P. S: Бүгін мен үш желіде яғни Фейсбук, Инстаграм, ВКОНТАКТЕ желісінде сауалнама жасап, қол жинаймын. Көрейік, халықтың пікірін. Ардагер Гүлмәрия апамызды тұқыртып қояр емессіздер ғой тегі. Мен ол кісінің айтқан пікірлерін қос қолдап қолдаймын! Өттеріңіз жарылып кетсе де, айтарым сол.
Баян ханым далбаса телехикаясын шығарып, шетелге тайраңдап кетеді екен де, халық оның соңынан улап-шулап қала бере ме? Парадокс!