Білім реформасы деп сөйлейтіндер ақша жасауды ғана ойлайды - Өмір Шыныбекұлы
2017 ж. 17 қыркүйек
3569
5
"Екі мұғалім кездессе - педкеңес"
Қоғамдық көлікте немесе орындарда мұғалімдердің өзара күбірлескендеріне құлақ түре жүріңіздер (Өз басым мұғалімдерді анадайдан танимын).
Елімізде ең алғашқылардың қатарында Жаңа Бағдарлама бойынша 3-айлық курстан өттім.
Сөз жоқ, енгізе алсақ - ұтар тұстарымыз аз емес еді.
Бірақ, "Шымшық сойса да қасап сойсын", білімді басқарушылардың біздің реалиядан алыс болуы бәрін мүкәмбара жасап жіберді. Биыл біраз жыл "реформа" дегенге өздерін сендіріп келгендердің өздерінде күдік пайда бола бастады (Оны жаңалыққа үрке қарау деп, аттандай жөнелмеңіздер).
Бірақ, ашық айтуға батылдары бармайды.
Ата-аналар мұғалімге сеніп жүр. Мұғалімдер бүгінге дейін басшыларға сеніп келіп еді. Сенім күннен күнге азайып келеді.
Реформа туралы үлкен сахнадан күшене сөйлегендердің ішкі ойы ""Күл болмаса, бүл болсын", ақша жасауға мүмкіндік беретін креслом аман болсын!"
Өмір Шыныбекұлы, Фейсбук парақшасынан