Ата салтымызды тәрк ететіндер Мемлекет үшін ҚАУІПТІ - заңгер
2017 ж. 29 тамыз
3017
1
Көп адам қазір Уахабизм тақырыбына араласпай "сен тимесең мен тимен, бадырақ көз" принципін ұстанып отырған жәйі бар. Кейбірі маған, осы тақырыпқа сенің араласатын жөнің жоқ деген пікір білдіруде. Керісінше, бұл - заңгерлердің тақырыбы нағыз. Қала берді жалпы елдің болашағына алаңдаулы әр азаматтың араласуы шарт. Егер біз әңгіме қылып отырған дін адамдары өздерімен-өздері діни рәсімдерін атқарып жүрсе бір сәрі, олар жастармен жұмыс жасап, солардың санасын улауда. Қазір ата салтымызды тәрк еткен, аруаққа құран бағыштау, жеті нан тарату десе сені жын көргендей болатын жастар шоғыры пайда болды. Алды Сирияда ашық соғыста жүр. Ол мемлекетімізге қауіп пе? Қауіп. Ендеше, бұл неге дін адамдарының арасындағы тартыс деңгейінде қалуы керек? Қайталап айтамын, Қазақстанның болашақта зайырлы ел болып қалуы немесе Ауғанстан, Иран сияқты діни догмаға ұрынған елдер қатарына қосылуы күні ертең.
Абзал Құспан, Фейсбук парақшасынан