Балабақшада орыс қызына "Әпшуін" берген 3 жасар ұлдың үстінен арыз жазды
2017 ж. 24 тамыз
12523
31
Қазақ бала бақшасында 3 жасар ұл апшуін тартып құрбы орыс қызына: - Мə, апшу! - депті. Ол қыз түсінбей, анасына айтады. Анасы юрист екен. 3 жасар ұлдың үстінен бала бақшаның меңгерушісіне арыз жазады - бəдік сөз айтты - деп. Меңгеруші не істерін білмей ұлдың ата анасын шақырады. Ұлдың əкесі қазақ салтын айтып, түсіндіріп əлек болды. Меңгерушімен жолығуға келген менің олардың сөздерінен ішім пысып кетті. - Несіне бастарыңды қатырасыңдар? Сотқа бер, істеріңді істеп ал, демейсіңдер ме! Ойбай, орыс қызы қазақ бақшаға келіпті деп енді бір біріңді соның алдында езесіңдер ме? Бұл қазақ салты, 4-5 ке келгенде сүндетке отырғызады, сонда қояды демейсің дер ме? 3 жастағы балаға солай істеуге болады, деңдер. Онда тұрған түк жоқ. Келіспесе, соттасын 3 жастағы баланы. Несіне жасқанасыңдар? Бастарыңды қатырмаңдар. - дедім.
Айгүл Қоқай