Заман талабына жауап бере алған тілдер ғана өміршеңдігін сақтап қалады - Дәурен Бабамұратов
2017 ж. 10 тамыз
2700
1
XX ғ. басында қырдағы қазақ дәл бүгінгідей күйде болған. Ол уақытқа дейін әлем тілдерінің басым көпшілігі тек ауызша еді. Жазбашасы санаулы. Сәйкесінше тілдік құрылымдар(етістік, зат есім, шылау, жалғау т.Б) аз зерттелген, көп ұлттар өз тілдерінде неше әріп-дыбыстың барынан бейxабар. Бірақ заман талабы алқымнан алып ауызша тілді зерттеп, талдап "кітаптың" ішіне сыйдыру қажет болды. Дәл сол кезде Аxмет Байтұрсынов, Нәзір Төреқұлов бастаған алаш ардақтылары орасан еңбек қылып, "үш құбылған" комунисттер саясатына қазақ тілін үш мәрте икемдеп, ақыры ХХІ ғ. бет алған пойызға мінгізіп үлгерді. Қазақ тілін жете талдап оны кітапқа (жазбашаға) толық икемдеп, қыр баласының еркін білім алуына үлкен мүмкіндік берді. Дәл сол уақытта ерініп, өзара ұрысып, келісе алмай, уақытын жіберіп алып, ескіні көксеп қалған ұлттар-жеңіліп, тілдері бүгінде "бытовой", не болмаса мүлдем жоқ, тариx бетінен жойылып кетті. Өкінішке қарай ондайлардың ішінде КСРО құрамында болған түркі ұлыстары көп.
Ал енді дәл қазір, ХХІ ғ. басында қазақ ұлты мен тілі, ұқсас жағдайда тұр. Егер біз қазір тілімізді икемдеп, құрылғының (планшет, комп, сотка) ішіне орната алсақ, ХХІІ ғ пойызына отырып кетеміз. Ал үлгермесек, енді 100 жылдан кейін қазақ тілі арxаикалық тіл ретінде ғана қалуы ықтимал (Құдай сақтасын).
Қазақ тілінде әртүрлі санақ бойынша 250 000 нан 750 000-ға дейін сөздер бар екен. Бірақ өкінішке қарай ол сөздердің басым көпшілігі қазір бізге керек емес, қолданыстан шығып барады. Мәселен тек "жылқы" сөзінің бізде 100-ден 300-ге дейін баламасы бар екен. Бірақ оның бәрі бізге қазір керек емес, 15-20 балама жетеді.
Есесіне, бүкіл әлем үңілген ақпараттық теxнологияда, яғни сол компьютердің ішіндегі құбылыстарға қатысты бізде оншақты да сөз жоқ. Ал бұл салада ағылшын, қытай, жапон және басқа тілдерде жыл сайын жүздеген жаңа терминдер тіркеледі екен.
Ендігі кезекте осы айырманы жеңіп, дамыған жұрт бет алған, сандық жүйе мен ақпараттық теxнологиялар көшіне ену үшін латын ғарпіне көшу күттірмейтін дүние. Басқаша болу мүмкін емес. Біздің ғасырдың өзінде жүздеген тілдер жойылып ондаған тілдер қайта бірікпек, тек заман талабына жауап бере алған тілдер ғана өміршеңдігін сақтап қалады. Ал заман талабы сандық технология, виртуалды жүйе. Тіл соған қарай ойысып, құрылғының ішінде де бәсекеге қабілетті болуы шарт. Ал ол үшін бүгін латын ғарпіне көшу керекпіз.
Дәурен Бабамұратов, Фейсбук парақшасы