5 жасар бала ата-анасы үйде жасырып жинаған 7 мың долларды жыртып тастады
2017 ж. 23 мамыр
3592
3
Қытайдың Циндао қаласында үйде жалғыз қалған 5 жасар бала ата-анасы тығып қойған 50 мың юанды тауып алған.
Бұл туралы stan.kz хабарлайды.
Бала бастапқыда ақшамен ойнаған, ал кейін майдалап жыртып тастапты.
Баланың әкесі купюроларды банкке апарып ауыстырып алмақшы болыпты. Бірақ, банк өкілдері қағаз ақшаларды дұрыстап желімдемейінше еш көмек көрсете алмайтындарын айтқан.
Алайда ақшаларды қайтадан қалыпқа келтіру мүмкін емес сияқты. Өйткені, бала оларды тым ұсақ қиындыларға бөліп тастаған.