Енесі ит жеуге шақырған келіннің әңгімесі
2017 ж. 10 мамыр
5437
3
Енем звандады:
— Келін-ау, бүгін үйге келсеңдерші, ит асып жатырмын.
Содан оны естіген біздің сары қыз қуанғанынан орнынан секіріп кетті.
— О-0, апам ит асыпты, барайықшы. Апамның асқан иті тəтті болады.
Мен аң-таңмын.
— Ит асқаны несі?. Қашаннан бері апаң екеуің ит жейтін болғансыңдар?
— Сен ит жеп жүрсің ба сонда?
"Иə" дей берген қызыма "неге жейсің?" деп бұлқан-талқаным шығып ашуланайын. Қайтадан апасына звандап, "Апа, ол итті қайдан алдыңыз?" десем, "Жайбарақот базардан сатып алдым да..." деп тұр.
Тіптен "шок" болдым. Иегім жерге тіреліп, демімді тартып, есеңгіреп барып есімді жидым.
— Базарда кəдімгідей иттің етін сатып тұрма деймін. Апам:
— Əй, сен де бір. Ит емес, ит ше ит? Не деуші еді əлгі?.. Ет дегенім ғой. Кəдімгі жылқының еті! Мен саған миым ашып жүріп татаршалап айтып жіберіппін, - деп күліп жіберді.
Қайдан білейін татаршада етті ит деп айтатынын. Ит дегенге көз алдыма бұралқы, көше кезген қаңғыбас ит елестеп, тапа-тал түсте талып қала жаздадым емес пе...
Сонда да деймін-ау. Жалғыз өзінің тамағынан өтпей, келінін ит жеуге шақырған апама шын жүректен риза болдым. Алтын кісіғой өзі. Сіз аман болыңызшы ене апа. Бас аман болса, əлі талай ит жейміз.
Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан