Сәбит Алтынайдың Астанада бөлек тұруының себебін түсіндірді
2017 ж. 28 наурыз
9085
3
Алтынай Жорабаева төрт қызын алып Астанаға көшіп кеткелі бері ел арасында әңгіме көп. Көпшілік “Алтынай мен Сәбит” ажырасты деп топшылауда. Алайда қос өнер иесі әлі күнге дейін бұл сұрақтың нақты жауабын бермеді.
Сәбит Әбдіхалықов Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында жұбайы туралы: “Ол өзі қызмет бабымен көшіп кетті”, – деп қысқа қайырды, деп жазады Stan.kz.
Ал жеке өмірі туралы сұрақ қойған журналистке Жорабаева: “Өмірімде бәрі жақсы. Қыздарым шүкір, оқып жатыр”, – деп жауап берді.
Қыздарының жағдайын айтты, алайда Әбдіхалықовты аузына алмады. Есесіне шығармашылық жаңалықтарымен бөлісті. Мәселен, ол өзінің төрт қызын бейнебаянға түсірмек.
“Салауатты өмір салтын ұстану, сондай мақсатта өзімнің қыздарыммен бейнебаян түсіргелі жатырмын. Өнер адамы болудан ешқайсысы кетәрі емес. Жанып тұрсаңдар шығарамын дедім”, – деп ағынан жарылды Алтынай.