Е. Саиров: Левиттің жеңілгені - олимпиадада әділдіктің жоқтығын білдіреді
2016 ж. 17 тамыз
2633
3
Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясының Президентіне Петиция Қазақстан Республикасы спортқа, соның ішінде әділдік, ынтымақтастық пен туралық негіздегі тұлға қалыптастырудың құралы ретінде бокстың дамуына басым назар аударатын мемлекеттердің бірі. Біздің қауым "әділ бәсекелестік", "рух сайысы" мен "тура шешім" секілді олимпиадалық қағидаларды бұлжытпай бөліседі. Кеше әлемдік қауымдастықтың көзінше олимпиядалық құндылықтар мен әділ шешімге деген ұғымдарға күмәнмен қарауға мәжбүрлейтін оқиға орын алды. Бұл 91 келі салмақта күш сынасқан қазақстандық боксшы В. Левит пен ресейлік Е. Тищенко арасындағы жекпе-жекке қатысты сөз.
Олимпиадалық ұстанымдар мен шынайы жекпе-жектің барлық параметрлері бойынша қазақстандық В. Левит жеңіске жетті. Ақыл-сана мен спорттағы асыл құндылықтарға зорлық-зомбылық жасай отырып, судьялық корпус жеңісті ресейлік Е. Тищенкоға берді.
Біздің ойымызша:
- Бұл әділетсіздік олимпиаданың әділ сайыс ұстанымдарына деген сенімді азайтады;
- Бокста, спорт түрі ретінде, күрестің өзге түрлері мен жеңісті шешудің басқа жолдары бар деген секем ойға әкеледі.
Сондықтан, "әділ бәсекелестік", "рух сайысы" мен "тура шешім" секілді олимпиаданың жерге тапталған ұстанымдарын қалпына келтіруді талап етеміз. Ол үшін төменде келітірлген іс-шараларды атқару қажет:
- Судьялық корпустың спортқа тән емес іс-әрекеттеріне қызметтік тексеріс ұйымдастыру;
- Рингтегі төрешінің ресейлік боксшыға үнемі демалуға уақыт беріп, сол арқылы оны неліктен бағып-қаққанына жауап берілуі тиіс;
- Барлық ұстанымдарға қарсы төрешілер неліктен жекпе-жек қорытындысын ашық бұрмалағанына жауап айтылуы қажет.
Ең соңында, жекпе-жек қорытындысын қайта қарап, әділ жеңімпазды қайта марапаттауларыңызды сұраймыз.
Е. Саиров,
Әлемдік жанкүйерлер лигасының мүшесі
qazaquni.kz