Ұлтшылдар ұлтқа қауіп төнбесін деп КНБ-нің жұмысын істеп жүр
2016 ж. 07 шілде
5222
2
Кеше және бүгін үйге мен жоқта екі полицей келіп, менің қайда екенімді сұрапты. Әйелім "айттап кеткен" депті, менің әйеліме де, тұрмыстағы қыздарыма да: "Қазақта ерінің қайда кетіп бара жатқанын әйелі сұрамайды, сұраса жолы болмайды" деп үйретіп қойғанымды айтуға ұялса керек.
Полицей мырзалар! Мен керекпін бе, қалта телефоныма шығыңдар, нөмірімді білмесеңдер КНБ-дан сұрап алыңдар. Мен айтатынымның бәрін газет, сайттарда жазып жүрмін. Өкіметпен заң аясында"төбелесіп" жүрмін. Мақсат-мүддем біреу-ақ: қазақ жерінің жат елдің тақымына, дәлірек айтсам қытайдың тақымына түсіп кетпеуі! КНБ-мен Алматыда сонау 2009 жылы бір емес екі рет "сұхбаттасқанмын". Мен елімнің, жерімнің, ұлтымның тұтастығына қауіп төнбесін деп, қайта сендердің, КНБ-ның жұмысын істеп жүрмін. Басқа ұлтшылдар да дәл сондай. Қазақтың жерін сендер үшін де қорғап жүр. Бізге қайта рахмет айтыңдар!..
Өмірзақ Ақжігіт,
Фейсбук парақшасынан алынды