Фантасмагориялық түс - Қазақтың қасіреті
2016 ж. 06 маусым
2263
0
Қазақ Елінің Жоғарғы Бійлігі, Үкіметі мен Өкіметі және жер-жердегі әкімдіктердің басым бөлігі жат мемлекет тілінде ойлауға-сөйлеуге (сәйкесінше, қарекет етуге) біржолата көшіп алды.
Демек, Қазақ Елі деген Ел болмайды деген сөз.
Ғасырлар бойы қаны судай аққан Қазаққа Құдай бұйыртқан ұлан-ғайыр Жердің ең шұрайлы бөлігін латифундистер меншіктеп үлгерді. Қалған бөлігін өзге де шонжарлар мен феодалдар һәм әкіреңдеген қожалар пышақ үстінен бөлшектеп, мәңгіге сатып алмақ.
Демек, Қазақта Атамекен-Отан болмайды деген сөз.
Ұрпақты үш жасынан бастап, үш тілде зорлап оқыту жұмысы пәрменді түрде сұрапыл басталғалы жатыр.
Демек, болашақта Қазақ Елінде дені дұрыс қазақтілді елман ұрпақ та болмайды деген сөз.
Иә, бұл сұмдық үш көрініс - қалың ұйқыдағы Қазақ көріп жатқан фантасмагориялық түстің басты бір сорақы жарқылдары ғана.
Қазақ түбегейлі құрып кетпей тұрғанда, Құдай Оны оятып жіберсе игі еді-ау! Әлде, ояна қалса, өзінің қандайда бір көрінбейтін темір торда, тілі күрмеулі, қолы байлаулы отырғанын да бірден сезіп, қайрансыздықтан еңіреп-жылап жіберер ме еді, қайтер еді?!... Тіпті, біз сол тақсіреттің әйгіліі "Мамыр Шеруінен" кейінгі алғашқы нышандарын байқап та қалған жоқпыз ба осы, фантасмагориялық түс көріп жатып?!..
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы
qazaquni.kz