"Ұрыны ұстаңдар" деп алдымен ұрының өзі айқайлайды
2016 ж. 15 мамыр
2787
12
Әлдебір телеарнадағы ақша беріп, көтеріліске шығару туралы материал-сымақ негізінде әдейі жасалған, қоғамдық сананы кері бағытқа бұру тұрғысынан өте сауатты ұйымдастырылған ТРЮК.
"Ұрыны ұстаңдар" деп алдымен ұрының өзі айқайлайды демекші, бұл сол "қаржыландырушылардың" өздері мықты ойластырған дүниесі. Қоғам өзі түсініп қояды-ау деген мәселені (келемеж түрінде ме әлде өте сауатсыз жасалған шатпақ түрінде дейміз бе) берсе, ол интернетте, әсіресе әлеуметтік желілерде дуалы ауыздар (блогерлер мен интернеттегі белсенділер) олардың қалаған жағына, яғни ешкім сенбейтін ертегі ретінде қабылдауына әкелетін жағдайға апаратынын олардың әбден есептеп жасағаны бір қарағанда білінбейді.
Жаңағы дуалы ауыздармен бірге оларды сынамаған адам қалмады: бірі мынау дәлелсіз жасалған бірдеңе десе, екіншілері журналистика мұндай масқара деңгейге түскені несі деді. Нәтижесінде ақша беріп біреуді көшеге шығару деген жәй әшейін қиял немесе келемеждейтін мысал ғана болып қалды.
Түптеп келгенде көптеген журналистер мен блогерлер олардың сауатсыздығын сынағаны арқасында интернет-аудитория болуы мүмкін шын қауіпті елемей қалды.
qazaquni.kz