Өздерің кінәлісіңдер, министр мырзалар!
2016 ж. 16 сәуір
4102
5
-Министр былай депті: -"Онсыз да қазір біздің 8 сыныптың оқушысының білімі Ресейдің 7, ал Батыс елдерінің 6 сынып оқушысының білімімен теңесіп, төмен түсіпті. Демек, оқушылар 2 жылға білім деңгейімен қалып қойған" ............... -Б.Шаяхметұлы былай депті : -"Бұл дегеніміз , егемендік алған 25 жылда кемінде 15 Білім министрі ауысып , олардың әрқайсысы, келе салып "жаңа реформа" жасап , баланың да мұғалімнің де миын "мипалау" жасап , қайдан келіп , қайда тұрғанын білмейтін милауыт қылып бітті деген сөз! Тұрақты бір бағдарламасы жоқ , әркімнің айтқанын бір жасап , біресе ана Елге , біресе мына Елге еліктеп , халықты ЕСАЛАҢ ҚЫЛЫП БОЛДЫҢДАР! Бұған өздерің кінәлісіңдер,Министр мырза! Енді , сол кемшіліктеріңді бүркеп-жауып , халықты алдағыларың келеді! Ағылшын тілін оқып-үйрену үшін бүкіл білім жүйесін ағылшын-орыс тілдеріне көшірмей-ақ , әр қаладан сол тілдерде ғана оқытатын 3-4 мектеп ашып тастасаңдар болды емес пе?! Ғылыммен түбегейлі айналысқысы келген балаларды іріктеп алып , бірінші сыныптан бастап ағылшынша оқытып , "ағылшын" жасаңдар , өз балаларыңды да! Солар-ақ , техникамызды шарықтата берсін , Нобель сыйлығына ұсыныңдар балаларыңды, кім қой дейді?! Бірақ , біздің , басқаларымыздың құқығын аяқтарыңа таптамаңдар! Балаларымызды қай тілде оқытуды өзіміз шешейік!