Депутаттар, тым болмаса "лайк" басыңыздаршы?!
2016 ж. 16 сәуір
2509
3
Халық қалаулылары емес, депутаттарға бір ұсыныс: Аукцион арқылы жердің сатылуына азаматтық та, депутаттық та ұстанымыңызды (әрине, бар болса әрі ұстанымыңызды билікке немесе Сізді депутаттық тізімге кіргізген партияға ұрлатып алмасаңыз) көрсете алмасаңыз, онда осында жер сатуға қатысты азаматтық көзқарастарын әлеуметтік желі арқылы білдіріп жатқан мыңдаған сайлаушылардың, отандастарыңыздың жазбаларына лайк қойып шығыңыздар. Сонда біз де "ее, байғұс-ай, қайтсін енді, қарсы екен ғой, қолы байланып отыр екен ғой" деп мәз болып қаламыз. Сөйтіп, алдыңғы нәрселердің бәрін ұмыта саламыз. Біздің қоғамдық болмысымыз сондай өзі.