Ойын жалғаса береді...
2016 ж. 09 сәуір
2581
0
Қоғамда болып жатқан кез келген құбылысты бағамдай отырып, өз көзқарасын білдіру – журналистің де жауапты міндеті. Олай болса, біздегі бір бітіп бермейтін дау-дамайға қарап, мынадай ой түйдім: біздің қазақ бала күнінде ойнаған ойынын өмірдің «ойынына» айналдырады екен. «Алтыбақан» - «алтыбақан алауыздық...», «қыз қуу» - «қызық қуу», «тиінім шық» - «шетелге кеткен тиыным шық», «ары тарт-бері тарт» - «итіс-тартыс даулар...», «ләңгі тебу» - «құлақтан мәңгі тебу», «ақтерек-көктерек» - «ақтырна-көктырна», «ханталапай» - «туталақай...» болып адам үлкейген сайын ойын «жетіліп» отырады екен, соны байқадым. Осындай әл-әзір ойының бірі – «Ақсүйек ойыны». Ол ойынды ойнамаған адам жоқ шығар, бәріміз білеміз. Мысалы, ертеректе Шыңғыстауда Шыңғыс ханның сүйегі жатыр деген сыбыс шықты. Содан біраз жыл өткенде, ғалым Қ.Сартқожа көкеміз Шыңғыс ханның сүйегін «Бұрқын-Қалдуын» тауынан тауып алдып, «Ақсүйек» табылды деп жар салды. Әлем бір сәтке демін ішіне тарта қалды да, әлгі балаларша бәрі сүйекке «таласа» жөнелді. Ойын қыза түсіп еді... Өткенде ғана бір бейтаныс шетелдік ғалым «Шыңғыс ханның сүйегін Ұлытаудан таптық» деп айды аспаннан бір-ақ шығарды.
Ойын жалғаса бермек...
Бақытбек Қадырұлы