"Конституция мен реформалар – жай саяси ұғым емес"
2025 ж. 29 тамыз
208
0

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына арналған конференцияда сөз сөйледі. Ол Конституцияны тәуелсіздіктің берік іргетасы әрі ұлттың кемелденуінің символы деп атап өтті.
Президенттің айтуынша, Негізгі заң – тек саяси жүйенің тірегі ғана емес. Ол әр отбасының тыныштығы мен қауіпсіздігін, әйелдер мен балалардың құқықтарын, қоғамның осал топтарының қорғалуын қамтамасыз ететін басты құжат. Конституцияны құрметтеу мәдениеті қалыптасқан сайын, қоғамда әділдік пен тең мүмкіндіктерге жол ашылады.
Жастардың рөліне ерекше назар аударылды. Жаңа буын әділетті талап етіп, гендерлік стереотиптерден бас тартып, серіктестікке негізделген заманауи отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға ұмтылып отыр.
Конституция мен реформалар – жай саяси ұғым емес. Олар әрбір отбасының өміріне тікелей әсер етеді: ресурстардың әділ бөлінуін қамтамасыз етеді, құндылықтарды бекітеді және тең мүмкіндіктер қоғамның бар мүшесіне қолжетімді болуына жол ашады.
Зарина Әскербек,
Фейсбук парақшасынан