"Күшпен таңылған уақыттан табиғаттың өзі ұсынған уақытқа көштік"
2025 ж. 11 наурыз
93
0

Ораза басталғалы ешкім уақыт туралы, сағат туралы, күннің ерте батқаны туралы әңгіме айтпайтын болды иә, байқадыңдар ма?
Осыдан бір жыл бұрын 2024 жылы 1 наурызда Үкімет Қазақстандағы уақытты бір нүктеге жиған. Содан бері бір ел - бір сағат бағдарламасымен өмір сүріп келеміз.
Өзгеріс шусыз орнай қойған жоқ, әлбетте. Біршама наразылықтар туындады. Үкімет осыны ескеріп жыл бойы тексеру, қадағалау, сараптау жүргізіп келді. Бүгін сауда министрі (сауда министрі неге уақытпен айналысып жүр, соны ұқпадым мен) Арман Шаққалиев мониториң қорытындысын үкімет отырысында баян етті.
Шаққалиевтің баяндамасында бір тұс болды: - Кейбір мәслихаттар жұмыс күндерін таңғы сегіз бен кешкі он жеті арасында қылу бастамасын қолдап отыр. Егер қажет болса бұл тәжірибені басқа өңірлерге де тарату көзделген-, деп қалды министр. Бұл бір жақсы ұсыныс екен дедім мен.
Жалпы, азшылық көпшілікке бағынады ғой. Ел халқының 76%, яғни 15 миллион 240 мың адам өмір сүретін сағат белдеуімен өмір сүрсек оның несіне апшимыз? Оның үстіне бұрын кеңес кезінде күшпен таңылған уақыттан табиғаттың өзі ұсынған уақытқа көштік. Биоритм реттеледі, сөз жоқ оған. Алты айлап түн көрмейтін, алты айлап күн көрмейтін елдер де өмір сүріп жатыр ғой, құрысын...
Шаққалиев манағы жұмыс уақыты туралы ұсынысты тереңірек айтса тағы жазармын. Ауызашарға дейін қайда әлі...
Алмас Алтай,
Фейсбук парақшасынан