Болат Мажағұлов: Адалдық пен әділеттілік – құқықтық мемлекеттің негізі
2025 ж. 04 қаңтар
248
0
Бұған дейін Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы қызметін атқарған Болат Мажағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында өзіне қатысты қисынсыз ақпараттардың тарағанын жазды.
Оқырман назарына аталмыш жазбаны толық күйінде ұсынамыз:
***
Ассалаумағалейкум, Қазақ елі!
Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында сот талқылауында анықталғанға еш қатысы жоқ, мен туралы және соттың маған тағылған айыптарды қарауының мән-жайлары туралы ақпарат тарады. Бұл жарияланымдардың бәрі өкілдері бірде-бір сот отырысына қатыспаған басылымдарда жарық көрді. Аталған материалдар айыптау актісінде көрсетілген мәлімдемелер сот процесінде дәлелденбегеннен кейін пайда болып отыр.
Құқық үстемдігі, сот төрелігі және оған нақты қол жеткізу, адалдық пен әділеттілік – құқықтық мемлекеттің негізі мен атрибуттары. Әрбір іс Заңға және Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген кінәсіздіктің анық-қанығына қатаң және дәл сәйкес қаралуға тиіс.
Тергеуге пайдалы, бірақ сот талқылауында расталмаған жалған немесе бұрмаланған деректерді тарату сотқа қысым жасау фактісі болып табылады. Бұл сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тараптардың тең құқығы мен бәсекелестік қағидаттарына қайшы келеді, процеске қатысушылардың біріне қатысты негізсіз теріс қоғамдық пікір қалыптастырады.
Менің ойымша, бұл соттың заңды және негізделген шешім шығаруына кедергі келтіріп, істің мән-жайларын объективті қарау құқығымды бұзады.
Прокурордың маған тағылған айыптар бойынша қылмыстық іс материалдарынан алынған дәлелдемелерді зерттеу нәтижесінде 2016 жылы Есіл өзенінде «Солнце» субұрқағын тұрғызу және оны қалалық бюджет қаражатынан қаржыландыру туралы шешімді әкімдік басшылығы, қоғамдық кеңес мүшелері және Астана қаласы мәслихатының депутаттары қабылдағаны анықталды.
Осылайша, субұрқақты орнату менің бастамам болды деген айыптауды жоққа шығарды.
Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Солнце»субұрқағын құрастыру және орнату жобасын іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланғанын анықтады. Астана қаласының мәдениет басқармасы бөлген бюджет қаражаты бюджеттік қаржыландыру бағдарламасына сәйкес «Солнце» субұрқағын құрастыру бойынша қызметтерге ақы төлеу үшін ғана пайдаланылғаны расталды.
Сотта қылмыстық істен алынған дәлелдемелерді зерттеу кезінде және куәгерлерден жауап алу нәтижесінде белгісіз адамдар оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кабельдер мен басқа да жабдықтарды ұрлағаннан кейін субұрқақтың жұмыс істеуін тоқтатқаны анықталып, сондай-ақ 2020 жылы осы ұрлыққа қатысты Астана қаласының полициясы тергеу жүргізіп жатқандығына қарамастан, бұқаралық ақпарат құралдарында субұрқақтың ақаулығының себебі оның құрылымдарын өндіруде пайдаланылған сапасыз металл екендігі туралы ақпарат кең таралды.
БАҚ-та жарияланған осы жоба бойынша Мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылықтар туралы ақпарат дұрыс емес.
Мәселен, сот талқылауында істің материалдары, оның ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы жауапты мамандардың қорытындылары, олардың бірнешеуінен алынған жауап зерттеліп, «Солнце» субұрқағыы жобасы бойынша жүргізілген рәсімдердің мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарына сәйкестігін анықтады.
Сегіз жыл ішінде осы жоба бойынша көптеген тексерулер, соның ішінде аудиторлық және прокуратура тарапынан тексерулер жүргізілді. Олардың ешқайсысында, оның ішінде Астана қаласының мәдениет басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде қандай да бір бұзушылықтар анықталған жоқ. Бұл материалдар сотта да зерттелді.
Осылайша, біраз уақыттан кейін Астана әкімдігі басшылығының және жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша орнатылған «Солнце» субұрқағы үшін маған жауапкершілік жүктеуге тырысу ақылға қонымсыз, фактілер мен логикаға сәйкес келмейді.
Қазіргі уақытта маған тағылған айып бойынша сот жалғасуда және аяқталуға жақын. Оның объективтілігі мен әділдігінен үміттенемін. Жаңалықтан хабардар болыңыз.
Субұрқақ суреті Tengrinews сайтынан алынды. Фото авторы Т. Қазанғапов.