Судьялардың мемлекеттік тілге кедейлердің тілі ретінде қарауы қашан тоқтайды - заңгер
2023 ж. 02 қараша
17080
0
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14 бабының 3-ші бөлігіне сәйкес, іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын ӘРБІР адам ана тілінде немесе өзі білетін басқа тілде мәлімдеме жасауға, түсініктеме беруге құқылы және оны сот қамтамасыз етуге міндетті.
Алайда, Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы Хасенова Асем Еркасымовна осы талапты бұрмалап, сот істі қарау кезінде сот ісін жүргізілетін тілді білмейтін тек жауапкер мен куәгердің ғана аудармашыны пайдалануға құқығы бар деп айды аспаннан бірақ шығарды.
Сонымен қатар талап қоюшы талапты орыс тілінде бергендіктен тек орысша сөйлеуге міндетті дегендіде алға тартып аудармашыны беруден бас тартып, орыс тілін жетік білмейтін талап қоюшы орыс тілінде жауап беруге міндеттеді.
Сот талқылауы барысында талап қоюшы орыс тілін жетік білмейді деп талап қоюшының өкілі сотты аудармашымен қамтамасыз ету туралы алдын ала өтінішхатта түсірседе , сот міз бақпаған.
Кодекстің 5-бабы 2 бөлігіне сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттарын бұзу оның сипаты мен елеулілігіне қарай шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкелетін ескерсек, ертеңгі алматы қалалық соты мемлекеттік тілге қатысты азаматтың құқығын қалпына келтіре алама Абай Жарылқасын, Айдос Садуақасов, Досжан Әмір?
Кейбір судьялардың мемлекеттік тілді жай бір кедейлердің тілі ретінде қарауы қашан тоқтар екен!!!
Мейірман Шекеев,
заңгер
Фейсбук парақшасынан