Ислам Әбішевті Ауыл шаруашылығы министрі қылу керек - қоғам белсендісі
2021 ж. 14 шілде
19623
4
Сенбі күні презиент Тоқаев Үкімет жиынын онлайн форматта өткізіп, министрлердің жұмысын сынға алды. Ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаровты орнынан алып тастады. Қуаңшылықтан мал қырылып, сөрелерде азық-түлік бағасы шарықтап кеткен сәтте бұл орынды шешім. "Ауыл шаруашылық министріне кім лайықты" деген сауал ел ішінде талқыланып жатыр. Қоғам белсендісі Болат Жүгінісов Ислам Әбішті министр болуға лайықты дейді.
"Ислам Әбіш өте мықты адал басшы балған азамат. Ислам Әбішев су мәселесінің маршалы. Одан артық ешкім білмейді. Бұл мәселенің көп жылдар майын ішкен адам. Жемқорлармен күресемін деп өзі бәлеге қалды. Сотталды. Ақталып шықты. Сол кісіні Ауыл шарушылығы министрі етіп, оған Су шаруашылығын да қоса беру керек.Құзырын соғыс министрімен тең ету керек.
Ислам Әбішев өндіріс қолбасшысы болып шыныққан, өз саласын жақсы менгерген адам.Өтірік ақпарат пен жемқорлықтың оазисі (иранбағы) болған еліміздің Су шаруашылығын 2014 жылдардан бастап әжептәуір жөнге келтірген осы кісі. Су мәселесі мен ауылшаруашылығын жетік білетін қабілетті басшы тап қазір өте қажет.
Себебі: Азық-түлікті жемқорлар қымбаттатып жіберді. Қазақ жерінің 70 % шөл мен шөлейт. Су мәселесі, мал азығының жеткіліксіздігі еліміз үшін күрделенбекші. Жаман айтпай жақсы жоқ, ашаршылықтың жолын кесетін Ислам Әбішев сияқты азамат дәл қазір керек" деп жазыпты.
Ауыл шаруашылық министрінің уақытша міндетін вице-министр Ербол Қарашүкеев атқаруда.
Дереккөз: abai.kz