Ақ халатты абзал жандарға алғыс

Ақ халатты абзал жандарға алғыс

Қазіргі кезде медицина саласын және медицина мамандарын жерден алып, жерге салып жамандайтындар аз емес. Бұлардың көбісі нақты дәрігер көмегіне жүгінбегендер, өйткені айтатындары ақша бермесең немесе жоғарыда танысың болмаса қарамайды дейді. Медициналық құрал-жабдықтар тозған деп көпке топырақ шашып, бекер жала жауып жүргендер. Осының бәрі өтірік екеніне, медицина саласының аға буындары яғни кеңес дәуірінде білім алған ағаларымыз бен әпкелеріміз отыз жыл ішінде нағыз өзінің ісінде маман атанған, орта буын мен жас буынды қалыптастырғанын, олардың халқына яғни бізге аянбай қызмет атқарып жатқанын өз көзіммен көрдім. Осыны дәлел қылып назарларыңызға өзімнің басымнан өткен қиын ауыр жағдайды ұсынамын. 

    Мен қарапайым отбасынан шыққан азаматпын. Жоғарыда ешқандай танысым жоқ. Өзім жүргізуші болып жұмыс жасаймын. Жақында Алматы облысының облыстық ауруханасына оң аяғым мен оң қолым қатты ісіп, іріңдеп, тіпті оң аяғым жүргізбей қалды. Өз бетіммен жүріп тұрудан қалып, мені жедел-жәрдеммен әкелді. Пендешілікпен әкеле жатқанда қатты уайымдадым, ешқандай танысым жоқ, жалақымды әлі алған жоқпын, оның үстіне медициналық страховкамда жоқ, мені қабылдар ма, қабылдаса да мені дұрыс қарай ма деп әр түрлі ойлар мазалады. Сондағы менің таң қалғаным және қатты риза болып қалғаным, ақ халатты абзал жандарға айтар алғысым шексіз. Нақтырақ айтсақ мені жедел-жәрдем әкеліп, ауруханаға тапсырған сәттен бастап, Суйеркулов Мухтар Усипалиевич есімді хирург жігіт диагнозымды анықтауға кірісіп және де дәл қойып, аяғыма және қолыма шұғыл түрде ота жасау керектігін, жағдайымның мүшкіл екенін көріп, көп уақыт бос жібергенімді айтып, дереу уақытты жоғалтпай ота жасау керек деп, орнымды дайындатып, анализдерді тапсыртып, өзінің міндетін үлкен жауапкершілікпен сондай тиянақты атқаруда. 


Және маған демеушілік танытып, уайымдама құрдасым екенсің, отаны өзім жасаймын бәрі жақсы болады деп, сол күні аяғым мен қолыма алты жерден кесіп, ота жасап, барлық іріңді тазалап жанымды алып қалды. Ертеңінде өзім білмей жүрген асқазанымда жара бар екен, бір емес бірнеше саны да анықталды. Асқазаныма да ота жасады. Сондағы хирург Суйеркулов Мухтардың біліктілігін өз көзіммен көріп қатты риза болдым. Біздің елде осындай мықты хирург бар екеніне ешқандай күмәнім қалмады. Отадан кейін он жеті күн ауруханада жатқанымда Суйеркулов Мухтардың білімділігін және қолының шеберлігін көптеген жасалып жатқан оталарынан көрдім. Оның үстіне әріптестерінің маған айтқаны «сені ең мықты хирургтің қолына келіп, жанын аман қалды» дегені бәрін растайды. Басшылары мен әріптестерінің арасында беделді және құрметті білімі мен қолының ептілігіне сай Суйеркулов Мухтарға нағыз өз мамандығының хас шебері болып, ешкімді бөліп жармай, антына адал қызмет жасап жүргені үшін алғысым шексіз. Кейінгі жас буын үлгі алатын азаматтың бірі деп есептеймін. Тағы бір айта кететін жайт ол хирургия бөлімінің медбикелері мен мейірбикелері олардың өз міндеттерін сондай бір мейіріммен өте қарапайым атқарулары мені аяғыма тік тұруға көп септігін тигізді. 


Жоғарыда атап өткен аға буын – аурухана басшылығы күнделікті таңғы тексерісті өткізіп, орта буын құрдасым Мухтар және оның әріптестеріне, жас буын медбике қарындастарыма өздерінің тәлім-тәжірибелерін көрсетіп, үйретіп жатқанда біздің медицина тек алға дамиды. Оған еш күмәнсіз сенемін. 

Алматы облысының облыстық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Утетілеуов Асқар Мұратұлына, хирург Суйеркулов Мухтар Усипалиұлына және барлық ұжымына ата-анамның атынан, өз атымнан және барша қазақ халқының атынан үлкен рақмет айтамын. Сіздерге тілерім әрдайым басқаларға үлгі болыңыздар.

Солтанбай Мұратбек,

Алматы облысы 

Кербұлақ ауданы 

Қосағаш ауылының тұрғыны