МӘЖІЛІС ТАРИХЫНДАҒЫ ТАРИХИ САУАЛ БОЛДЫ - Ауыт Мұқибек
2021 ж. 18 наурыз
17726
2
Көші-қон үрдісін дамытуға байланысты, депутат Қазыбек Иса көтеріп отырған мәселенің қай-қайсысы да маңызды.
Бір сөзбен айтқанда, Мәжіліс тарихындағы тарихи сауал болды.
Соңғы он жылдың көлемінде көші-қон мәселесі мұндай кешенді түрде көтерілген емес! Мен ауызды қу шоппен сүртуден аулақпын, әрине, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай, Үкімет қимылдай бастады.
Бес жылдық мерзімге жоспарланған мемлекеттік тұжырымдама жасау, Үкімет айқындаған өңірлерден бейімдеу орталықтарын ашу, 2025 жылға дейін 80 мың адам көшіп алу деген секілді.
Мұның бәрі жақсы бастама деп бағалаймын.
Бірақ, Смағүл Елубаев ағамыз айтқандай, Қазақстан халқы санының аздығы мен шетте жеті миллионға таяу қазақ бар екенін ескерсек, Қазыбек аға сұраған көрсеткіш деңгейінде жұмыс істелуі керек.
Әсіресе, бұл саланы бір орталықтан басқаратын Көші-қон агенттігін қайта құрған дұрыс.
"Отандастар қорына" қаражатты көбірек бөліп, қорды Сыртқы істер министірінің құзыретіне басы бүтін берген жөн...
Ауыт МҰҚИБЕК, Фейсбук парақшасынан