Егемен елімізде кеңестік рәміздер әлі ілініп тұр - Арман Қани

Павлодар қаласында Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойында кеңестік рәміздер әлі тұр! Кезінде облыстық «Қазақ тілі» қоғамының «Ертіс дидары» газетінде Кутузов көшесінің (қазір Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы) № 46 тоғыз қабатты тұрғын үйдің қабырғасында Кеңес одағы гербі мен Бүкілодақтық лениндік коммунистік комсомол жастар одағы белгісінің бейнелемелері тұрғанын жазып, суреттерін де салғанбыз. Сол кездегі шенеуніктер арасында көрер көз, естір құлақ болмады ма, әлде олар қызыл империя кезеңін көксеушілердің көңіліне қарайлады ма, кім білсін, әлгі рәміздерді алуға ешбірі құлық танытпапты.

Осынау шақта жас ұрпаққа егемен елдіктің қадыр-қасиетін ұғындырып, отаншылдық сезіміне тәрбиелеу ісіне баса назар аударылуы керек қой. Келесі 2021 жылы Кеңес одағының ыдырап, Тәуелсіз ел Қазақстан Республикасының құрылғанына 30 жыл толады.

Тиісті мекемелерден кеңестік рәміздерді алып тастап, олардың орнына егемен елдігімізді әспеттейтін бейнемелердің орнатылуын өтінемін.

Арман ҚАНИ,

Фейсбук парақшасынан